Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
2-қосымша

Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну тәртiбiн белгілейдi.
  2. Санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етудi жергiлiктi атқарушы органдар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сай мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық жолдама (бұдан әрi – жолдама) беру арқылы жүзеге асырады.
  3. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамсыз ету Қазақстан Республикасының мемлекетік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес немесе Әлеуметтік қызметтер портал (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
  4. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес санаторий-курорттық емделуді ұсыну кезінде облыстардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – облыстық басқармалар), Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (бұдан әрі – қалалық басқармалар) жолдамаларды мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сатып алады.
  5. Мүгедектердiң және мүгедек балалардың санаторий-курорттық емделуге арналған құжаттарын ресiмдеудi және есепке алуды қалалық басқарма, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (бұдан әрi – жұмыспен қамту бөлімі) жүргiзедi.
  6. Санаторий-курорттық емделуге жолдамаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес берген кезде қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналын (бұдан әрі – журнал) осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес жүргiзедi.

      Журнал нөмiрленеді, тігіледі және қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің мөрімен расталады.

  1. Мүгедек өнім берушіні Портал арқылы таңдаған кезде санаторий-курорттық емдеудің уақытын есептеу Порталда өнім берушінің жеке кабинетінде белгіленеді және смс-хабар арқылы алынған және өнім берушінің сұрауы бойынша өтініш беруші атаған код арқылы расталады.
  2. Осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес санаторий-курорттық қызметтерді алған мүгедектердің тізімдері тіркелген санаторий-курорттық емдеудің электрондық есебі, сондай-ақ көрсетілген қызметтердің актісі Порталда өнім берушінің жеке кабинетінде қалыптастырылады.

2-тарау. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша "Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес нысан бойынша ОЖБ әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері;

      2) қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері арқылы береді.

      Проактивті қызмет арқылы ресімдеу кезінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш беру талап етілмейді. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген.

  1. Қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандары өтінішті қабылдау кезінде мүгедектің және мүгедек баланың жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) ОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы;

      4) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін);

      5) мүгедектіктің белгіленуіне кінәлі жұмыс беруші-жеке кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы (еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін) мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда, өтінішке қағаз тасығыштағы тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін төлнұсқалары қоса беріледі.

  1. Өтінішті қабылдаған қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдері мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің мамандары құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
  2. Құжаттарды беру кезінде өтініш берушіге:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтініш берушіге қабылданған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлар жіберу арқылы хабарлайды.

  1. Өтініш беруші тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 6-қосымшағасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің қызметкерлері қабылдайтын құжаттар қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне беріледі.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткеннен кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелеріне жібереді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 7-қосымшағасәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай беріледі.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, жұмыспен қамту бөлімінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелері қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің басшысына жіберіледі.

      Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыспен қамту бөлімдерінің немесе бөлімшелерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

3-тарау. "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" проактивті қызметін көрсету тәртібі

  1. "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) арқылы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының тіркелген телефон нөміріне санаторий-курорттық емдеуге оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде қызмет беруші өтініш берушіге осы қызметтер бойынша құжаттарды ресімдеуге келісім алу немесе бас тарту үшін проактивті форматта sms-хабарлама бастамашылық етеді.

      Өтініш беруші смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивтті форматта қызметтер көрсетуге келісімді немесе бас тартуды растайды.

  1. Өтініш берушінің проактивті қызмет көрсетуге келісімін алған кезде осы қызметтерді ұсынуға құжаттардың ресімделгенін растау туралы хабарлама жіберіледі.

      Проактивті қызмет арқылы санаторий-курорттық емдеу үшін құжаттарды ресімдеуге өтініш берген күн ресімдеуге келісім алған күн болып саналады.

  1. Проактивті қызмет арқылы мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу кезінде осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салу "Е-Собес" ААЖ арқылы жүзеге асырылады.
  2. Өтініш берушінің келісімі күнтізбелік он күн ішінде болмаған немесе проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда өтініш берушінің "Е-Собес" ААЖ-дағы ұялы телефонына бас тарту себептері көрсетілген мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгіну қажеттігі туралы sms-хабар жіберіледі.
  3. Проактивті қызмет алуға келісім алған жағдайда қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері "Е-Собес" ААЖ арқылы өтініш берушіге мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу туралы қабылданған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы хабарлайды.

      Sms-хабарлар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

4-тарау. Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну тәртібі

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедек және мүгедек бала санаторий-курорттық емдеуге жіберілген жағдайда денсаулық сақтау ұйымы берген санаторий-курорттық картаның көшірмесі тұрғылықты жері бойынша қалалық басқармаға немесе жұмыспен қамту бөліміне ұсынылады.
  2. Жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-Собес" ААЖ-ға өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ны орындау немесе орындамау жөніндегі деректерді енгізеді. Кезінде іс-шараларды іске асыру ОЖБ Порталы арқылы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – Портал) ААЖ "Е-Собес" орындау автоматты түрде қойылады.
  3. Құжаттар топтамасы сәйкес келген жағдайда жұмыспен қамту бөлімдері құжаттарды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге санаторий-курорттық емдеуді ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы және Портал арқылы қамтамасыз еткен жағдайда өнім берушіні таңдау мақсатында http://aleumet.egov.kz Порталында өтініш беру қажетілігі туралы хабарлама жібереді. Хабарламада сондай-ақ Порталмен жұмыс жасау мәселелері бойынша сұрақтар туындаған кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне немесе тіркелген жері бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) жүгіну қажеттілігі туралы ақпарат көрсетіледі.

      Өтініш берушіде интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған жағдайда өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне, жұмыспен қамту орталығына немесе жұмыспен қамту бөліміне жүгінеді.

  1. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтiнiш берген, ОЖБ-ға сәйкес санаторий-курорттық емделу ұсынылған мүгедектер мен мүгедек балалардың тiзiмдерiн қалыптастырады.
  2. Өтінiштердi тiркеудi қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі олардың келiп түсу тәртiбiмен жүзеге асырады.
  3. Жұмыспен қамту бөлімі қалыптастырған тiзiмдер жарты жылда бір реет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмей облыстық басқармаға ұсынылады.
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеуге жолдамалармен қамтамасыз етуді облыстық басқарма жүзеге асырады, ол ұсынылған тiзiмдерге сәйкес жолдамаларды мақсаты бойынша пайдалану үшін оларды жұмыспен қамту бөлімдері арасында бөледi.

      Порталда өтініш беруші санаторий-курорттық емдеудің өнім берушісін өзі таңдайды.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету кезінде жолдаманы қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің қолына бередi.
  2. Жолдама беруден бас тартылған жағдайда қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтiнiш берушiге жазбаша дәлелдi бас тартуды береді.
  3. Жолдаманы белгілі бiр себептермен (қайтыс болу, сырқаттану және қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі дәлелдi деп таныған басқа да) пайдалануға мүмкiндiк болмаған жағдайда, ол қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне қайтарылуға және кезектiлік тәртiбiмен басқа адамға берiлуге тиiс.

      Жолдаманы қайтару журналда белгiленедi.

  1. Жолдама дәлелдi себептер бойынша пайдаланылмаған жағдайда, берiлген жолдама мүмкiндігінше келу кестесiне сәйкес басқа кезеңнiң жолдамасына, бiрақ ауыстырылуға жататын жолдамада көрсетілген келу басталғанға дейiн үш күннен кешiктiрiлмей ауыстырылады.
  2. Жолдамалар күнтiзбелiк жылы бiр реттен артық емес, күнтізбелік 14 күнге беріледi.

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер

  1. Жіті сатысындағы барлық аурулар, асқыну сатысындағы немесе жіті іріңді процестермен асқынған созылмалы, сондай-ақ стационарлық емдеуді қажет ететін, оның ішінде хирургиялық араласуды талап ететін барлық аурулар.
  2. Оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейінгі инфекциялық аурулар.
  3. Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар.
  4. Қатерлі жаңа өскіндер.
  5. Аурулар өздігінен жүріп-тұра алмайтын және өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, ұдайы күтімді қажет ететін (көру ағзасының аурулары бар адамдарға арналған, омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға арналған мамандандырылған санаторийлерде емделуге тиіс адамдардан басқа) барлық аурулар.
  6. Психикалық аурулар. Нашақорлық пен созылмалы маскүнемдіктің барлық түрлері.
  7. Құрысу талмалары және олардың эквиваленті, ақыл-ес кемістігі, мінез-құлықтың және әлеуметтік бейімделуінің айқын байқалатын бұзылыстары бар адамның патологиялық дамуы.
  8. Синкопалдық жай-күйі.
  9. Кез келген жерде шоғырланған эхинококкоз.
  10. Әртүрлі жағдайда жиі қайталанатын немесе көп қан кетулер.
  11. Акушерлік паталогия бар болса барлық кезеңдегі жүктілік немесе 18 аптадан бастап қалыпты жүктілік (санаторий-курорттық емделуге жіберу сәтінде).
  12. Туберкулездің белсенді кезеңіндегі барлық формалары (туберкулездік емес профильдегі курорттар мен санаторийлер үшін).
  13. Кез келген текті кахексия.

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
2-қосымша

 

Нысан

Өтiнiштердi тiркеу және жолдамаларды беру журналы

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мүгедектiгi

Үйінің мекенжайы және телефоны

Өтiнiштi қабылдау күні

Өтiнiштi кім берді

1

2

3

4

5

6

1.

         

2.

         

3.

         

      (кестенің жалғасы)

Емдеушi дәрiгерлер ұсынған санаторий

Жолдама берілген санаторийдiң атауы

Жолдама берілген кезең

Өтiнiш берушiнiң не жолдама алған адамның қолы

Жолдаманың қайтарылған күнi және себептерi

7

8

9

10

11

         
         
         

      Ескертпе: Журнал өтiнiштердiң келiп түсу шегіне қарай қатаң жүйелілікпен толтырылады.

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
3-қосымша

_________________________ санаторий-курорттық емдеуді алған мүгедектердің тізімі санаторийдің атауы, мекенжайы

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Мүгедектiгi

Үйінің мекенжайы және телефоны

Санаторийге келу күні

Санаторийден шығу күні

Санаторий-курорттық емделу күндерінің саны

1

2

3

4

5

6

7

1.

           

2.

           

3.

           

 

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

 

____________________
___________________
жергілікті атқарушы
органның басшысына

Оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш

      Тегi ____________________________________________________________

      Аты _____________________________________________________________

      Әкесiнiң аты (бар болса) ____________________________________________

      Туған күнi ______________________________________________________

      Мүгедектiгi __________________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат түрі _____________________________

      Құжаттың нөмірі: _________ кім берген: _______________________

      Берілген күні: "___" _______ _______ жылы

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:_________

      Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы (тіркелген):

      Облыс ________________________________________________________

      қала (аудан) _____________ауыл: _____________________________

      көше (шағынаудан)_______ ________ -үй _____ -пәтер _______________

      Телефон __________________________________________________

      Қызметтер ұсыну үшін құжаттар қабылдауды сұраймын:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      (протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық

      құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі

      маманыныңқызметтері, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар)___________

      (қажетінің асты сызылсын, жазылсын)

      Міндетті гигиеналық құралдар және (немесе) кресло-арбалар ұсынуға өтініш беру кезінде:

      салмағы ______ кг, бойы _________ см, бөксе ауданы __________ см жазылу керек.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1

     

2

     

3

     

4

     

5

     

6

     

7

     

      Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      "____"__________ 20____ жыл.

      ___________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      ____________________________________________________________________________ (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      "____"__________ 20____ жыл.

      --------------------------------------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы)

      Азамат __________________________________ өтініші қабылданды.

      Өтініш қабылданған күн "____" __________20 ____ жыл.

      __________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
5-қосымша

 

"Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері;
2) тұрғылықты жері бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - жұмыспен қамту бөлімдері);
3) проактивті қызмет.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз және (немесе) электронды түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) Жұмыспен қамту бөлімдері - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібінде көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектіктен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектің сенімхаты.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы, мүгедектікке алып келген өндірістік жазатайым оқиға туралы, кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамту бөлімдері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары клесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган - www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы www.gov4c.kz ескерту.
Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
6-қосымша

 

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып,

      _________________________________________________________________________

      (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық

      маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін

      қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап

      айтқанда: жоқ құжаттардың / қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3) ______________________________

      ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты "Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данадан жасалды.

      _________________________________________                         ______________

      (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың             (қолы)

      және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы қызметкерінің

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Алдым: _______________________________________ ______________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)

      20___ жылғы "___" ___________

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
7-қосымша

 

Нысан

Хабарлама

      Тегі ___________________________________________________

      Аты ______________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      Құжат нөмірі: __________________кім берген: _________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:_____________________________________

      Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы (тіркелуі):__________________

      Облыс _________________________________________________

      Қала (аудан) ________________ауыл: ______________________________

      Көше (шағын аудан)________________-үй ______-пәтер ____________

      Құжаттарды ресімдеу туралы хабардар етеміз:

      _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________

      (протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық

      құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі

      маманының қызметтері, санаторлық-курорттық емдеу, кресло-арбалар).

      Өтініш қабылданды және № _ нөмірімен тіркелді. "__" _____ 20__ жыл.

      Оңалту құралдары мен қызметтерін алу үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша

      жұмыспен қамту бөліміне жүгіну немесе Әлеуметтік қызметтер порталы

      (http://aleumet.egov.kz) арқылы өнім берушіні таңдау қажет. Қолжетімділігіңіз болмаған

      жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне

      де жүгіне аласыз.

      Мемлекеттік органның басшысы ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің (бар болса)

      "___" ____________ 20___ жыл

 

Мүгедектерге және мүгедек
балаларға санаторий-курорттық
емделудi ұсыну қағидаларына
8-қосымша

Sms-хабарлар журналы

      ________________________________________________________________

      (Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар,тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар)

Р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Іс №

Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар,тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар

Sms-хабар берілген кезең

Телефон №

Маман

                 
                 

 

Дата публикации
11 марта 2021