Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 26 бұйрығына
4-қосымша

Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі – Заң) және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары деп мүгедектердiң белсендi және баяу жүріп-тұруы үшiн техникалық көмек көрсету түрi ұғынылады;

      2) проактивті көрсетілетін қызмет – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша берілетін, қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алу субъектісінің ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы берілген келісімі міндетті түрде қажет болатын, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет.

  1. Мүгедектерді кресло-арбалармен қамтамасыз ету мүгедектің немесе оның заңды өкілінің не мүгедектіктен сенімхат алған адамның өтініші (бұдан әрі – өтініш беруші) негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен немесе Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы осы Қағидалардағы 1-қосымшағасәйкес медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен әзірленген оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі – ОЖБ) сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Жұмыс берушінің кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектер кресло-арбалармен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебiнен ОЖБ-ға сәйкес қамтамасыз етіледi.
  3. Жұмыс беруші-жеке кәсіпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінiң кiнәсiнен еңбек жарақатын алған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедектерге кресло-арбалар мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен беріледi.

2-тарау. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының тәртібі

  1. Өтініш беруші "Мүгедектерге кресло-арбаларды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып осы Қағидаларға 2-қосымшағасәйкес нысан бойынша оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік және кәсіптік бөлігіне сай оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға арналған қағаз түріндегі өтінішті (бұдан әрі – өтініш) тұрғылықты жерінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация бөлімшесі;

      2) қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері арқылы ұсынады.

      Проактивті қызмет арқылы ресімдеу кезінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш беру талап етілмейді. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген.

  1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қалалық басқармаларының, жұмыспен қамту бөлімдерінің және бөлімшелерінің мамандары өтінішті қабылдау кезінде мынадай мәліметтерді алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – Ақпараттық жүйелер) арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мүгедектің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрау салуларды қалыптастырады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) мүгедектікке алып келген өндірістегі жазатайым оқиға туралы (еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдар үшін);

      4) мүгедектік белгілеу үшін кінәлі жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы (еңбек жарақатынан немесе кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдар үшін).

      Ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда, өтінішке қағаз тасығыштағы тиісті құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін төлнұсқалары қоса беріледі.

  1. Өтінішті қабылдаған қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің мамандары құжаттар топтамасының толықтығын тексереді.
  2. Құжаттарды беру кезінде өтініш берушіге:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде-тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат;

      қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдерінде – тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтініш берушіге қабылданған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлаулар.

  1. Өтініш беруші тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
  2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің қызметкерлері қабылдайтын құжаттар қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне беріледі.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін қалалық басқармаларға және жұмыспен қамту бөлімдеріне береді. Өтініш беруші бір ай өткеннен кейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша қалалық басқармалар мен жұмыспен қамту бөлімдері бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелеріне жібереді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай беріледі.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      1) қалалық басқармалардың, жұмыспен қамту бөлімдерінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар бойынша қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері басшыларының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Жұмыспен қамту бөлімдерінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, Жұмыспен қамту бөлімінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелері қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесінің басшысына жіберіледі.

      Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінің кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмыспен қамту бөлімдерінің немесе бөлімшелерінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

3-тарау. "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі

  1. "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) арқылы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының тіркелген телефон нөміріне мүгедектерге кресло-арбалар беру қызметін ұсынуға оңалтудың жеке бағдарламасы болған кезде қызмет беруші өтініш берушіге осы қызметтер бойынша құжаттарды ресімдеуге келісім алу немесе бас тарту үшін проактивті форматта sms-хабарлама бастамашылық етеді.

      Өтініш беруші смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивтті форматта қызметтер көрсетуге келісімді немесе бас тартуды растайды.

  1. Өтініш берушінің белсенді қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ өтініш берушіден өзге де қажетті мәліметтерді, оның ішінде қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді алғаннан кейін өтініш берушінің ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы растау туралы хабарлама жіберіледі.

      Белсенді қызмет арқылы мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін құжаттарды ресімдеуге өтініш берген күн болып ресімдеуге келісім алған күн саналады.

  1. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салу проактивті қызмет арқылы жеке көмекшінің қызметтерін және ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу кезінде "Е-Собес" ААЖ жүзеге асырылады.
  2. Өтініш берушінің келісімі үш күнтізбелік күн ішінде болмаған немесе өтініш берушінің ұялы телефонына белсенді қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда "Е-Собес" ААЖ-не жеке көмекшінің қызметтерін және ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы, бас тарту себептері және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жұмыспен қамту бөліміне немесе бөлімшесіне жүгіну қажеттігі көрсетілген sms-хабар жіберіледі.
  3. Белсенді қызмет алуға келісім алған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің қызметкері "Е-Собес" ААЖ арқылы өтініш берушіге жеке көмекшінің қызметтерін және ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу, қабылданған шешім туралы өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабар арқылы хабарлайды.

      Sms-хабарлар осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

4-тарау. Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі

  1. Жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-Собес" ААЖ-ға өтініштегі деректерді, сондай-ақ ОЖБ-ны орындау немесе орындамау жөніндегі деректерді енгізеді. ОЖБ-ның іс-шараларын Портал арқылы іске асырған кезде орындалуы "Е-Собес" ААЖ-да автоматты түрде қойылады.
  2. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде оларды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге кресло-арбалармен қамтамасыз етуге құжаттар ресімдеу туралы еркін нысандағы өтінішті жібереді. Жұмыспен қамту бөлімдері өтініштер мен ОЖБ-лардың негізінде Портал арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тізбесі мен санын көрсетіп, кресло-арбаларға қажеттілікті қалыптастырады.
  3. Облыстық басқарма (қалалық басқарма) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес кресло-арбалар сатып алуды жүзеге асырады.
  4. Кресло-арбалар ұсыну Портал арқылы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Портал арқылы кресло-арба алу үшін өтініш беруші Заңның 32-2-бабынасәйкес http://aleumet.egov.kz порталында электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы тіркеледі.

      Өтініш берушіде интернет ресурсына қолжетімділік болмаған жағдайда, өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне, халықты жұмыспен қамту орталықтарына немесе жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінеді.

  1. Өтініш беруші порталда өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, кресло-арбаларды ұсыну бойынша шарт жасалатын өнім берушіні таңдайды.

      Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері мүгедектің тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), туған жылын, тұратын жерін, алған кресло-арбасының атауын, алған күнін, алғандығы туралы белгіні көрсете отырып, тізім бойынша кресло-арбалар беруді жүргізеді.

  1. Бөлме ішінде қозғалуға арналған кресло-арбалар мүгедектерге 7 жыл пайдалану мерзімімен, ал серуендеуге арналған кресло-арбалар 4 жылға беріледі.
  2. Қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері кресло-арбаларды бергеннен кейін бір ай ішінде мүгедектің тегі, аты, әкесінің атын (бар болса), туған жылын, тұратын жерін, алған кресло-арбасының атауын, алған күнін, адамның алғандығы туралы қолын көрсете отырып, кресло-арбалар алған мүгедектердің тізімін қалалық басқармаға береді.

 

Мүгедектердi арнаулы жүріп-
тұру құралдарымен қамтамасыз
ету қағидаларына
1-қосымша

 

Нысан

 

____________________
___________________
жергілікті атқарушы
органының басшысына

Оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігіне сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш

      Тегi _____________________________________________________

      Аты _________________________________________________

      Әкесiнiң аты (бар болса) _______________________________________

      Туған күнi ____________________________________________________

      Мүгедектiгi _____________________________________________

      Жеке басты куәландыратын құжат түрі _____________________________

      Құжаттың нөмірі: ________ кім берген: ___________________

      Берілген күні: "___" ________ ________ жылы

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:_________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:

      Облыс ______________________________________________ қала

      (аудан) _____________ауыл: __________________________

      көше (шағын аудан)_______ _______ үй _____ пәтер _________________

      Телефон _____________________________________________________

      Қызметтер ұсыну үшін құжаттар қабылдауды сұраймын:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық

      құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау

      тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емделу,

      кресло-арбалар)__________________________

      (қажетінің асты сызылсын, жазылсын)

Р/с №

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар дың саны

Ескертпе

1

     

2

     

3

     

4

     

5

     

6

     

7

     

      Міндетті гигиеналық құралдар және (немесе) кресло-арбалар ұсынуға өтініш беру кезінде: салмағы ______ кг, бойы _________ см, бөксе ауданы __________ см жазылу керек.

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту құралдары мен қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды ресімдеуге қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      "____"__________ 20____ жыл.

      __________________________________________________________________

      (Өтініш берушінің қолы (заңды өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      __________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      "____"__________ 20____ жыл.

      --------------------------------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы)

      Азамат __________________________________ өтініші қабылданды.

      Өтініш қабылданған күн "____" __________20 ____ жыл.

      __________________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

 

Мүгедектердi арнаулы жүріп-
тұру құралдарымен қамтамасыз
ету қағидаларына
2-қосымша

 

"Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент Қалалардың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация бөлімшелері;
2) Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі, Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі, қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тұрғылықты жері бойынша (бұдан әрі - жұмыспен қамту бөлімдері);
3) проактивті қызмет.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелеріне, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жұмыспен қамту бөлімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшесіне мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей ұсынады.;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бөлімшелерінде өтініш берушіге Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз және (немесе) электронды түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабар жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) Жұмыспен қамту бөлімдері - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібінде көрсетіледі.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелерінде және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектердi арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектен сенімхат алған адам жүгінген жағдайда нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектің сенімхаты.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, оңалтудың жеке бағдарламасында әзірленген іс-шаралар туралы, мүгедектікке алып келген өндірістік жазатайым оқиға туралы, кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші-дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылғаны немесе заңды тұлғаның таратылғаны туралы мәліметтерді жұмыспен қамту бөлімдері, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар өтінішке Ұлы Отан соғысының қатысушысының, мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедегіне теңестірілген адамның куәлігін береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушы болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге кресло-арбалар беру үшін құжаттарды ресімдеу көрсетілетін қызметті беруші әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – www.gov4c.kz.
Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

 

 

Мүгедектердi арнаулы жүріп-
тұру құралдарымен қамтамасыз
ету қағидаларына
3-қосымша

 

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабын басшылыққа ала отырып,

      __________________________________________________________________________

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін)/ республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда: жоқ құжаттардың / қолдану мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1) ______________________________;

      2) ______________________________;

      3) ______________________________

      ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты

      "Мүгедектерге кресло-арбалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      __________________________________________________             ______________

      ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы                   (қолы)

      және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық

      маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)

      Алдым: ________________________________________                   ______________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты                  (қолы)

      (бар болса)

      20___ жылғы "___" ___________

 

Мүгедектердi арнаулы жүріп-
тұру құралдарымен қамтамасыз
ету қағидаларына
4-қосымша

 

Нысан

Хабарлама

      Тегі ___________________________________________________

      Аты ______________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      Құжаттың нөмірі: __________________кім берген: _________________

      Жеке сәйкестендіру нөмірі:_____________________________________

      Тұрақты тұратын (тіркелген) жерінің мекенжайы:__________________

      Облыс _________________________________________________

      Қала (аудан) ________________ауыл: ______________________________

      Көше (шағын аудан)________________-үй ______-пәтер ____________

      Құжаттарды ресімдеу туралы хабардар етеміз:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар, тифлотехникалық

      құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі

      маманының қызметтері, санаторлық-курорттық емдеу, кресло-арбалар).

      Өтініш қабылданды және № _ _ нөмірімен тіркелді. "__" _____ 20__ жыл.

      Оңалту құралдары мен қызметтерін алу үшін Сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша

      жұмыспен қамту бөліміне жүгіну немесе Әлеуметтік қызметтер порталы

      (http://aleumet.egov.kz) арқылы өнім берушіні таңдау қажет. Қолжетімділігіңіз болмаған

      жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне

      де жүгіне аласыз.

      Мемлекеттік органның басшысы ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің (бар болса)

      "___" ____________ 20___ жыл

 

Мүгедектердi арнаулы жүріп-
тұру құралдарымен қамтамасыз
ету қағидаларына
5-қосымша

Sms-хабарлар журналы

      ________________________________________________________

      (Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар,тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар)

Р/с №

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Істің№

Протездік-ортопедиялық көмек, сурдотехникалық құралдар,тифлотехникалық құралдар, міндетті гигиеналық құралдар, жеке көмекшінің қызметтері, ымдау тілі маманының қызметте, санаторий-курорттық емделу, кресло-арбалар

Sms-хабар жіберілген кезең

Телефон №

Маман

                 
                 

 

Дата публикации
11 марта 2021