«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 29.06.2026 - 30.06.2026
Практикалық бағалау: 02.07.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау каласының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономикалық саясат секторының бас маманы (2029 жылғы 06.04 дейін негізгі қызметкердің бала 3 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
Көкшетау қаласының Даму стратегиясының іске асырылуын бақылау, қала бойынша облыстың даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарын; «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу және іске асырылуын бақылау; жетекшілік ететін мәселелер бойынша бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыру мониторингі; қаланы дамыту басымдықтарына сәйкес инвестициялық саясатты қалыптастыру; шағын бизнесті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, ауыл шаруашылығын, Көлік және коммуникацияны, криминогендік жағдайды дамыту мәселелері бойынша Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жүргізу; облыс әкімінің, облыс әкімдігінің, қала әкімінің, қала әкімдігінің тапсырмаларын орындау бойынша жиынтық ақпарат дайындау, бөлімнің сайтымен жұмыстар жүргізу. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5398802690