«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Көкшетау қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 29.05.2026 – 01.06.2026
Практикалық бағалау: 03.06.2026
Анықтама телефоны: 87162297819
Е-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
«Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы, «Е-R-4» санаты
Функционалдық міндеттері:
сектор меңгерушісінің тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс. Ауыл шаруашылығы техникасына, қосалқы бөлшектерге, жанар-жағармай материалдарына, егіс тұқымына, жемшөпке, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге қажеттіліктің болуына мониторинг жүргізу. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына мемлекеттік бағдарламалар бойынша субсидия төлеу үшін қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен алынған құжаттарды ұсыну. Қаланың ауыл шаруашылық құрылымдарында дала жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді стратегиялық жоспарын, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Топырақ құнарлылығын арттыруға, астық шаруашылығын нығайтуға, мал шаруашылығы үшін берік жемшөп базасын құруға бағытталған агротехникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық іс-шараларды қамтамасыз ету, әзірлеу және енгізу. Өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, асыл тұқымды істі дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету. Қаланың ауыл шаруашылығы тауар өнімділігі қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. Ветеринария, жануарларды қорғау, қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру (қажет болған жағдайда). Көкшетау қаласының аумағында ветеринариялық-профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру. Қараусыз қалған жануарларды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және есепке алуды ұйымдастыру. Ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша қала және облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша хаттар мен өтініштерді қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сектор құзыреті шегінде өзге де функцияларды орындау.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар (биология) немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (биологиялық және сабақтас ғылымдар) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе мал шаруашылығы немесе орман шаруашылығы немесе балық шаруашылығы немесе агроинженерия) немесе ветеринария (ветеринария) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс өтілі талап етілмейді
Шағым жасау тәртiбi
Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5325104229