«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Көкшетау қаласы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 29 - 30.04.2026

Практикалық бағалау : 05.05.2026

Анықтама телефоны: 87162297819

Е-R-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

 

«Көкшетау каласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп, бюджеттің атқарылуын есепке алу және есеп беру секторының бас маманы (2028 жылғы 13.10 дейін негізгі қызметкердің бала 3 жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), «Е-R-4» санаты

 

Функционалдық міндеттері:

 

бюджеттік есепке алуды, ішкі кредиттеу бойынша берілген қарыздарды есепке алуды, олар бойынша сыйақыларды есептеуді, алынған ағымдағы нысаналы трансферттерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында өтеусіз алынған және берілген активтерді есепке алуды жүргізу. Бюджеттік бағдарламалар бойынша қосымшалармен бюджеттік өтінім және есеп айырысулар жасау. Жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер жүргізу. Қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен тоқсандық, жартыжылдық, жылдық бюджеттік және қаржылық есептілік жинағын қалыптастыру. Бюджет кірісіне артық (қате) төленген сомаларды қайтару / есепке жатқызу бойынша жұмыс. Бөлімнің құзыреті шегінде жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша баяндамалар, талдамалық анықтамалар, кестелер жобаларына материалдар дайындау. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу, бөлімнің құзыреті шегінде өзгерістер енгізу және олардың іске асырылуын талдау, бөлім бойынша қаржылық, бюджеттік, салықтық және статистикалық есептілікті жасау. Бөлімнің қызметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Шарттарды, салыстыру актілерін, Шарттарды Қазынашылық органдарында тіркеуге өтінімдерді дайындау. Салық салу мақсатында мүлікті бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу, мемлекеттік қызметтерді жүргізу. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, бөлім басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау

 

 

Білімі бойынша талап:

 

бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) саласында

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

 

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

 

Конкурстың қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымды уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беру уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдағанға дейін конкурсты тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5127304320

Дата публикации
27 апреля 2026