
Гүлмира Темірболатқызы 1972 жылы Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Молодежное ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын «қаржыгер»мамандығы бойынша аяқтады.
2003 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Көкшетау қалалық қаржы бөлімі Штаттар бөлімінің ІІ санатты экономисі болып бастады;
2002-2005 жылдары – «Көкшетау қаласының қаржы бөлімі» ММ жинақтау бөлімінің бас маманы.
2005-2011 жылдары «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік саясат секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді;
2011-2015 жылдары «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды;
2015 жылдың маусым айынан 2021 жылдың сәуір айына дейін «Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы лауазымында болды;
2021 жылдың 4 мамырынан бастап Көкшетау қаласы әкімінің лауазымында қызмет атқаруда.