«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын iске асыру аясында Ақмола облысының қаржы басқармасында әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функцияларын басқарма орынбасары атқарады.
Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi ағымдағы жылға әзiрленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес 2019 жылдың қорытындысы бойынша әдеп жөнiндегi уәкiл келесi жұмысты атқарды:
4 мемлекеттiк қызметшiлерге еңбек заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша (жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алу бойынша), «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiнiң лауазымдық жалақылары мен сауықтыру жәрдемақыларын есептеу үшiн коэффиценттердiң өзгеруiне байланысты демалыс күндерiн индекстеу бойынша, мемлекеттiк органның құрылымы өзгерген кезде мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғау шаралары бойынша және жаңадан келген мемлекеттiк қызметшiлердiң сынақ мерзiмiнен өтуi бойынша жеке консультативтiк көмек көрсетiлдi.
Жыл iшiнде ұжымдағы моральдық психологиялық ахуалдың және қызмет әдебiнiң нормаларының сақталуына мониторинг бойынша төрт жасырын сауалнама өткiзiлдi.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Әдеп жөнiндегi кеңесiнiң 2019 жылғы 18 маусымдағы ұсынысы бойынша Ақмола облысында мемлекеттiк қызметшiлердiң жол қозғалысы саласында құқық бұзушылық жасауының алдын алу бойынша iс- шаралар жоспары әзiрлендi.
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес жолда жүру саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк шаралары бойынша ақпараттық жадынама дайындалып, онымен басқарманың қызметкерлерi жазбаша түрде таныстырылды.
Ақмола облысы Полиция департаментi Әкiмшiлiк полиция басқармасының өкiлi Кiшкенов Талғат Бақытбекұлымен бiрлесiп, ағымдағы жылдың 10 шiлдесiнде Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң негiзгi ұғымдарын, ережелерi мен талаптарын, сонымен қатар жолда жүру саласындағы құқық бұзушылықтары үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiк шараларын түсiндiру мақсатында басқарманың қызметкерлерiмен кездесу өткiзiлдi.
Ай сайын басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әлеуметтiк желiлерiне мониторинг көңiл көтеретiн орындарда, шетелдiк демалыс орындарында, қымбат автокөлiктер мен интерьер жанында әшкерелейтiн фотосуреттер мен бейненi орналастыру, қымбат зергерлiк бұйымдар мен басқа заттарды көрсету тұрғысында бұзушылықтарды анықтамаған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Ақмола облысында әдеп жөнiндегi кеңесi бекiткен мемлекеттiк қызметшiлердiң парасаттылық декларациясы қол қойдыра отыра басқарма қызметкерлерiне уақытылы таныстырылып, қабылдау жүзеге асырылды.
Ақмола облысы әкiмi аппараты басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттiк органдардың әкiмшiлiк ғимараттың аумағында мобильдi құрылғыларды пайдалану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметшiлермен түсiндiру жұмыстары жүргiзiлiп, басқарманың қызметкерлерi Мiндеттемемен қолды қойдыра отыра таныстырылған.
Ағымдағы жылдың қарашасында жаңадан қабылданған мемлекеттiк қызметшiлермен мемлекеттiк қызмет және Еңбек кодексi саласындағы заңнаманың ережелерi мен талаптарын түсiндiру бойынша әңгiмелесу жүргiзiлдi.
Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң тапсырмасы бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын сақтау мақсатында Сыйлықтарды тапсыру жөнiндегi жадынаманы басқарманың қызметкерлерiне түсiндiру және жазбаша таныстыру жүргiзiлдi.
Еңбек ұжымының өкiлiмен, персоналды басқару қызметiмен бiрлесiп, ағымдағы жылдың екiншi тоқсанындағы жұмыс уақытын есепке алуға талдау жүргiзiлдi (басқарма қызметшiлерiнiң жұмыс орындарында негiзсiз кешiгу фактiлерi жоқ. Демалыс және мереке күндерiнде, сондай-ақ үстеме жұмысқа басқарманың мамандары тартылған жоқ).
2019 жылдың iшiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» заң, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi нормаларын түсiндiру, жолда жүру саласындағы мемлекеттiк қызметшiлерiдiң құқықбұзушылықтарының жасалуының алдын алу және «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға арналған конкурс өткiзу қағидаларын түсiндiру бойынша төрт аппараттық оқу өткiзiлдi.
Басқарманың интернет-ресурсында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Әдеп және мемлекеттiк қызметшi», «Демалыс», «Жолда жүру ережелерiн сақтау» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» заңға енгiзiлген жаңалықтар туралы қысқаша» атты төрт мақала орналастырылды.
2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының 19-тармағын iске асыру мақсатында басқарманың мемқызметшiлерiнiң және басқармаға келген орталық мемлекеттiк органдар және аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдардың қызметкерлерiн Қызметтiк қажеттiлiк бойынша тұрақты жұмыс орнынан тыс жерлерге iссапарларда және басқа да сапарларда мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлқы туралы жаднамамен түсiндiру және жазбаша таныстыру өткiзiлдi.
БАҚ-да жариялаулар тұрақты түрде қаралып, мониторинг барысында өткен кезеңде негативтi материалдар анықталмаған.
Соңғы екi жыл iшiнде мүдделер қақтығысы жоқ. Тiкелей бағынысты жақын туыстарының бiрлескен қызмет, мемлекеттiк қызметшiлердiң өзге де ақылы қызметпен айналысу фактiлерi анықталған жоқ. Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiмен қызметтiк әдеп нормаларын бұзу бойынша өтiнiштер түскен жоқ.
Алдағы уақытта қаржы басқармасы қызметкерлерiнiң әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастыру бойынша жұмыс тұрақты негiзде, мемлекеттiк қызметтегi әдептi арттыру бойынша кешендi жоспар шеңберiнде жалғасатын болады.
Белая Т.Ю — әдеп жөнiндегi уәкiл,
«Ақмола облысының қаржы басқармасы»ММ
басшысының орынбасары