Меню

Страницы

Статья

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңға енгізілген өзгерістер туралы қысқаша ақпарат

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы №273-VI Заңы күшiне енiп, онда жетекшi шетелдiк ЖОО-ның түлектерiн, сондай-ақ халықаралық, трансұлттық және шетелдiк компанияларда жұмыс тәжiрибесi бар тұлғаларды, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiндегi жетекшiлердi мемлекеттiк қызметке конкурстан тыс тағайындау мүмкiндiгi қарастырылған.

Мемлекеттiк органның қызмет бейiнi бойынша өзге бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру мүмкiндiгi қарастырылған. Бұрын мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау тек мемлекеттiк қызмет академиясында жүзеге асырылды. Ендi тар мамандандырылған бағыттар бойынша мемлекеттiк органдар өз қызметкерлерiн салалық бiлiм беру ұйымдарында оқыта алады. Мысалы, бұл геология, жер қойнауын пайдалану, ауыл шаруашылығы, қаржы және басқа салалар болуы мүмкiн.

Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк куәлiктерiн сәйкестендiру карталарына ауыстыру көзделуде. Олар бэйджи сияқты көрнектi жерде болады. Бұл мемлекеттiк қызметшiлердiң клиенттiк бағдарын арттыруға мүмкiндiк бередi. Азаматтар мемлекеттiк органға келген кезде мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымы мен тегiн көре алады, бұл коммуникацияны едәуiр жеңiлдетедi.

Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқитын мемлекеттiк қызметшiлердiң оқуы аяқталмаған жағдайда, оқуға бөлiнген бюджет қаражатын өтеу жөнiндегi мiндетi белгiленiп отыр. Қазiргi уақытта оқуды аяқтағаннан кейiн жұмыс iстеу қарастырылуда. Алайда, оқуды аяқтамаған адамдардың қаражатты өтеуi жекелеген шарттар негiзiнде жүзеге асырылады. Ендi бұл заңнамалық деңгейде регламенттелген.

Мемлекеттiк қызметке қайта қабылданатын адамдар үшiн сынақ мерзiмiнiң күшiн жою көзделген, бұған дейiн олардың қызметiн бағалау нәтижелерi, сынақ мерзiмi, аттестаттау қорытындылары бойынша не терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылған адамдарды қоспағанда. Сынақ мерзiмi кандидаттың лауазымдық мiндеттерiн атқару мүмкiндiгiн анықтау үшiн белгiленедi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдебiн күшейту мақсатында ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзғаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда iшкi конкурс қорытындысы бойынша лауазымға орналасуға шектеу енгiзiледi. Қазiргi уақытта осындай шектеу мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн құқық бұзушылық жасаған тұлғалар үшiн қолданылады. Бұл ретте, уақытша бос мемлекеттiк лауазымға төмендету түрiндегi тәртiптiк жаза қолдануға мүмкiндiк берiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi (қарындастары), аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы), сондай-ақ жекжаттары (аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, ата-аналары және жұбайының (зайыбының) балалары атқаратын қызметке тiкелей бағынысты мемлекеттiк лауазымды атқара алмайды.

Терiс себептер бойынша немесе олардың қызметiн, сынақ мерзiмiн не аттестаттау қорытындыларын бағалау нәтижелерi бойынша босатылғандарды қоспағанда, адам мемлекеттiк қызметтен босатылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде, егер ол мемлекеттiк органдар болып табылмайтын өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында болмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпаған жағдайда, «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсқа және сайлауға тестiлеуден өтпей қатысуға құқылы.

Мұндай жағдайларда бұл тұлғаға мiндеттi арнайы тексеруден өту және бұрынғы жұмыс орны бойынша тапсырылған жағдайда, кiрiстер мен оған меншiк құқығында тиесiлi мүлiк туралы декларацияны табыс ету туралы талаптар қолданылмайды.

Бұл ретте осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы iшкi конкурсқа осы мемлекеттiк органнан босатылған адам ғана қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттiк қызметшiлер тестiлеуден өтпейдi.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттiк қызметшiлер мен 27-баптың 8-тармағының бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар уәкiлеттi орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерiн бағалаудан өтедi.

Мемлекеттiк қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға енгiзiлген өзгерiстер мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн одан әрi жетiлдiруге ықпал етедi.

Дата публикации
27 апреля 2020
Дата обновления
27 апреля 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
17 апреля 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
29 сентября 2022
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы