Қазiргi таңда мемлекеттiк қызметшiнiң әдебi мен мiнез-құлқы мәселелерiнеүлкен мән берiлiп отыр. Басқармада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын iске асыру мақсатында басшының бұйрығымен қызметтiк әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамалардың және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң (бұдан әрi — Әдеп кодексi) бұзушылықтарының алдын алуды қамтамасыз ету бойынша қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн әдеп жөнiндегi уәкiл тағайындалды.
Әдеп жөнiндегi уәкiлқызметiн әзiрленген жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап басқарманың әдеп жөнiндегi уәкiлi мемлекеттiк қызмет және ҚР Әдеп кодексi саласындағы заңнаманы сақтау мәселелерi бойынша екi мемлекеттiк қызметшiге кеңес бердi.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын сақтау мақсатында «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты ҚР Президентiнiң жыл сайынғы Жолдауының Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдiгi бағыттарын талқылау бойынша түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлiп, басқарманың интернет-ресурсында «Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдебi туралы» мақалалар орналастырылып отырады.
Қызметтiк әдеп нормаларын сақтау және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал бойынша анонимдi сауалнама, мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларынсақтауы бойынша әлеуметтiк желiлерде мониторинг жүргiзiлдi.
Соңғы екi жылдың iшiнде мүдделер қайшылығы анықталмаған. Тiкелей бағынысты лауазымдардағыжақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу, мемлекеттiк қызметшiлердiң басқа да ақылы қызметпен айналысу фактiлерi анықталмаған.Басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзуы бойынша өтiнiштер түспеген.
Тұрақты негiзде мемлекеттiк қызметшiлерге қатысты БАҚ-да жарияланымдар қаралып отырады. Жылдың басынан бастап мониторинг барысында жағымсыз материалдар анықталмаған.
Мемлекеттiк қызметтi өткерумен байланысты шектеулер, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтату бойынша талаптар, мемлекеттiк қызметшiлердi әлеуметтiк қорғау шараларының сақталуына бақылау жүргiзiлдi.
Ағымдағы жылдың басынан бастап басқарма қызметкерлерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмаған.
Жалпы алғанда мемлекеттiк қызметшiнiң имиджi жоғары кәсiбилiк пен жеке құзiреттердiң, моральдық-адамгершiлiк қасиеттердiң және әдептiлiк мiнез-құлықтың көрiнуiне негiзделiп, алдағы уақытта әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметi оған бағытталатын болады.
Белая Т.Ю — әдеп жөнiндегi уәкiл,
«Ақмола облысының қаржы басқармасы»ММ
басшысының орынбасары