Меню

Страницы

Статья

Әдеп және мемлекеттік қызметші

Мемлекеттiк қызметке қабылдау қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды. Қоғам өздерiнiң барлық күштерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн кәсiби қызметке жұмсайды, өз Отаны — Қазақстан үшiн әдiл және адал қызмет етедi деп есептейдi.

Еңбек объектiсi тiкелей адам болатын кәсiби қызмет түрлерiнiң алуан түрлiлiгi этикалық нормаларды жасауды талап еттi. Мемлекеттiк қызметшiнiң әдебi — қайнар көзi мемлекеттiлiктiң қалыптасу уақытына жататын кәсiби әдептiң бiр түрi. Әдептiң осы түрiнiң әлеуметтiк-құқықтық мәртебесi мемлекетпен және оның азаматтарымен ерекше қатынастар мен мiндеттемелерге негiзделген.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгiленген кәсiби мемлекеттiк аппаратты қалыптастыру бойынша 12-қадамды iске асыру шеңберiнде Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексi және Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ереже әзiрлендi және бекiтiлдi.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексi жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне қойылатын негiзгi талаптарды, сондай-ақ олардың мiнез-құлқының базалық стандарттарын белгiлейдi. Кодекс қоғамның мемлекеттiк органдарға деген сенiмiн нығайтуға, мемлекеттiк қызметтегi өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және мемлекеттiк қызметшiлердiң әдепке сай емес мiнез-құлқының алдын алуға бағытталған.

Демократиялық қоғам мемлекеттiк қызметшiлердiң iс-әрекеттерi мен мiнез-құлқының мiнсiз болуына қамқорлық жасауы тиiс. Дамыған елдер әдеп және мемлекеттiк қызметшiлердiң мiнез-құлық кодексi мәселелерiн ерекше маңызға ие сала деп мойындады.

Мемлекеттiк қызметшiнiң әдебi — бұл мiнез-құлық нормаларының жүйесi, iс-әрекет тәртiбi мен ережелерi, мемлекеттiк қызмет қатынастарындағы өзара қарым-қатынастар мен қағидаттар, олар осы қоғамға тиесiлi неғұрлым жарамды, терең саналы және нақты жиынтықты бiлдiредi және жалпыадамзаттық мораль нормалары болып табылады.

Бұл ретте мемлекеттiк қызметшiлер басшылыққа алуға тиiс Әдеп кодексi жалпы қабылданған моральға сүйенiп қана қоймай, қызметтiк iс-әрекеттiң, мiндеттер мен өкiлеттiктердiң ерекшелiктерiне сәйкес оларға жүктелетiн талаптарды нақтылайды. Бұл мемлекеттiк қызметшi әдебiнiң мәнi.

Ақмола облысы
қаржы басқармасының
әдеп жөнiндегi уәкiлi
Т. Ю. Белая

Дата публикации
27 апреля 2020
Дата обновления
27 апреля 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

Ақпарат
17 апреля 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
29 сентября 2022
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы