Меню

Страницы

Статья

Отпуск

Демалысқа кету — бұл әрбiр қызметкердiң еңбек қызметiндегi көптен күткен оқиға. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес әрбiр жұмыс берушi өз қызметкерiне жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ғана емес, сонымен қатар басқа да демалыс түрлерiн беруге тиiс.

ҚР заңнамасы бойынша демалыс мынадай түрлерi болады:

1.жыл сайынғы негiзгi ақы төленетiн еңбек демалысы;

2.жыл сайынғы ақы төленетiн қосымша еңбек демалысы;

3.жалақы сақталмайтын демалыс;

4.оқу демалысы;

5.жүктiлiкке және бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс;

6.бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

Жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына толығырақ тоқталсақ.

Ақылы еңбек демалысы қызметкерлерге жыл сайын белгiлi бiр күндерге жеке қажеттiлiктерiн қалпына келтiру, жұмысқа қабiлеттiлiгiн, денсаулығын нығайту үшiн берiлiп, демалыс барысында қызметкердiң жұмыс орны мен еңбекақы көлемi сақталады.

ҚР мемлекеттiк қызметi туралы заңға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күндi құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.

Ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы, мемлекеттiк қызметкерлерге бiрiншi және келесi жылдары үшiн тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.

Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтiзбелiк үш күн қалғаннан кешiктiрiлмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берiлген жағдайда — берiлген күнiнен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бiр бөлiгi демалыс ұзақтығының күнтiзбелiк екi аптасынан кем болмауға тиiс.

Мемлекеттiк орган басшысының не жауапты хатшының, аппарат басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер өздерiнiң келiсiмiмен жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылуы мүмкiн.

Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлiгi мемлекеттiк қызметшiлерге тиiстi жылдың кез келген басқа уақытында берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады, сондай-ақ пайдаланылмаған күндер үшiн өтемақы берiлуi мүмкiн.

Бұл ретте:

• он сегiз жасқа толмаған қызметкердi;

• қауiптi және зиянды еңбек жағдайларымен, ауыр жұмыстармен айналысатын қызметкерлердi;

•жүктi әйелдердi еңбек демалысынан шақыртуға жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта бола отырып: жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге, қарапайымдылық танытуға, көрсетiлетiн қызметтердi алу кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, қоғамдық адамгершiлiкке, тәртiп пен қауiпсiздiкке қол сұғушылықпен ұштасқан заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеуге тиiс екенiн ұмытпауға болмайды. Барлықтарыңызға жақсы демалып қайтуды тiлеймiн.

Белая Т.Ю — әдеп жөнiндегi уәкiл,
«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ
басшысының орынбасары

Дата публикации
27 апреля 2020
Дата обновления
27 апреля 2020
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

Ақпарат
17 апреля 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
29 сентября 2022
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы