Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Қазақстан үшiн сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттiк саясаттың басты бағыттарының бiрi болып табылады, оның басымдылығы Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050"Стратегиясында айқын көрсетiлген.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бiрқатар тапсырмалар берiлдi,

2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекiтiлдi.

Оның негiзгi бағыттары мемлекеттiк қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл; квазимемлекеттiк және жеке сектордағы қоғамдық бақылау институтын енгiзу; құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейiн қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi және лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге мiндеттi.

Каждый человек, находящийся на государственной службе, должен осознать всю значимость своей работы и быть патриотом своей страны.

2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгiзiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң этикалық кодексi қоғамның мемлекеттiк органдарға сенiмiн нығайтуға бағытталған, онда мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк қарым-қатынаста және қызметтен тыс уақытта мiнез-құлық стандарттары айқындалған.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақмола облысының қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта аппараттық сабақтар үнемi өткiзiлiп тұрады, сондай-ақ белгiленген ережелердi мүлтiксiз сақтауға және сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алуға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекiтiлдi.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт негiзiне сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеу тұрғысынан лауазымдық мiндеттердi орындау бойынша тiкелей iс-қимылдар салынған.

Бұдан басқа, қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг тұрақты негiзде жүргiзiледi.

Ай сайын қаржы басқармасы әзiрлеушiсi болып табылатын НҚА құқықтық мониторингi жүргiзiледi.

Осылайша, аталған iс-шараларды өткiзу басқарма қызметкерлерi жұмысының ашықтығы мен анықтылығына бағытталған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендетуге ықпал етедi.

Ақмола облысының қаржы басқармасы

Дата публикации
21 апреля 2020
Дата обновления
21 апреля 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 апреля 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
29 сентября 2022
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы