Меню

Страницы

Статья

Қызметтік тәртіп

 Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдану үшін негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) - мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы.

Теріс себептермен қызметтен шығаруға әкеп соғатын тәртіптік теріс қылық жасаған адамдарды өз қалауы бойынша қызметтен шығару, адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құқыққа сыйымсыз тағайындау және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды құқыққа сыйымсыз босату, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды құқыққа сыйымсыз қолдану, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық мәселелердің мазмұнын жария ету, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамау да тәртіптік теріс қылықтар, бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы.

Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:

1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;

      4-1) өз қызметін сайлану негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді қоспағанда, мемлекеттік лауазымын төмендету;

      5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.

Тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері.

Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.

Осы заңда көзделген мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін тәртіптік жаза теріс қылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктіріп қолдануға болмайды.

Жаза осы кезеңде қолданыла алмайды:

  • мемлекеттік қызметшінің еңбекке уақытша жарамсыздығы;
  • мемлекеттік қызметшінің демалыста немесе іссапарда болуы;;
  • мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылуы;
  • мемлекеттік қызметшінің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болуы;
  • мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы Мемлекеттік органдардың актілеріне оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы кезеңінде қолданады.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші теріс қылық жасаған кезде одан жазбаша түсініктеме талап етіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші болмашы тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда, егер ол жазбаша түсініктемесінде осы теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда уәкілетті адамның қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен, ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс түрінде жаза қолдануға құқығы бар.

Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші өзінің жазбаша түсініктемесінде теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда уәкілетті адамның бұйрығы бойынша осы Қағидаларда айқындалған тәртіпке сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік әкімшілік қызметші жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) жұмыскерлері не уәкілетті лауазымды адамдар тиісті акт жасайды.

Лауазымын төмендету, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы және атқаратын лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жазалар жүргізілген қызметтік тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша Комиссияның ұсынымдарына сәйкес қолданылады.

Жаза қолданылған адамды қолданылған тәртіптік жаза туралы тиісті мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қол қойғызып, жаза қолдану туралы акт шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Жазаға тартылған адам танысуды өз қолымен растаудан бас тартқан жағдайда, бұл туралы жаза қолдану туралы актіде тиісті жазба жасалады не акт жасалады.

Жаза қолданылған адамды жаза қолдану туралы актімен таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оған актінің көшірмесін хабарламасы бар хатпен жібереді.

Егер қызметтік тергеп-тексеру нәтижесінде мемлекеттік әкімшілік қызметші қылмыстық қылмыс құрамының не әкімшілік құқық бұзушылықтың ықтимал белгілері бар іс-әрекеттерге жол бергені туралы қорытынды жасалса, уәкілетті адам алынған материалдарды дереу құқық қорғау немесе өзге де органдарға береді.

Құқық қорғау органы мемлекеттік қызметшіге қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан жағдайларда, бірақ оның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде іс бойынша материалдар уәкілетті органға жіберіледі.

Тәртіптік жазалар уәкілетті адамның бұйрықтарын, өкімдерін шығару арқылы қолданылады.

Егер жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіге жаңа тәртіптік жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымын төмендету түріндегі жазаны алып тастау оның бұрын атқарған лауазымына қайта орналасуына алып келмейді.

Егер мемлекеттік әкімшілік қызметші жаңа теріс қылық жасамаса және бұл ретте өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейін алып тасталуы мүмкін.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші қызметтен шығарылған күнге дейін алынбаған тәртіптік жаза ол мемлекеттік органнан қызметтен шығарылған күннен бастап алынған болып есептеледі.

Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу үшін жаза қолданылған мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тікелей басшысы уәкілетті адамға тиісті ұсыныс енгізеді.

Тікелей басшы уәкілетті тұлға болған жағдайда, тиісті ұсынысты персоналды басқару қызметі енгізеді.

Жаза қолданған уәкілетті адам ұсынысты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. Теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылатын мемлекеттік әкімшілік қызметшінің өз өкілі болуы мүмкін. Шағымдарды іс-әрекеттеріне шағым жасалып отырған уәкілетті адамның қарауына беруге тыйым салынады.

Тәртіптік жаза қолдану туралы шешімге шағымдану оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

 

                                                                               Белая Т.Ю —

әдеп жөнiндегi уәкiл,
«Ақмола облысының қаржы басқармасы»ММ
басшысының орынбасары

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
24 сентября 2021
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Ақпарат
17 апреля 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
29 сентября 2022
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы