Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтегі сыйлықтар

Мемлекеттік қызметтегі сыйлықтар

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында, ағымдағы жылғы қазанда Мемлекет басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылғанына назарларыңызды тағы да аударғым келеді. Заңмен сыйлық берушінің пайдасына іс-қимылдары үшін мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасыларына сыйлықтар, материалдық ынталандыру мен қызметтер ұсынуға толық тыйым салуды айқындайтын нормалар қарастырылған. 

Бұл ретте, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес, Заңда мемлекеттік қызметшілердің мынадай қылықтары мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар деп танылады: 

- егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы.

Мемлекеттiк қызметшінің шотына осы адам білмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;

 - өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.     

Мемлекеттік қызметшіге хабардар етілмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар сыйлықтың алынған күнінен бастап не мемлекеттік қызметшіге сыйлықтың келіп түскені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтерге қызмет көрсетілген күннен бастап не мемлекеттік қызметшіге қызметтің көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде ол республикалық бюджетке ақша аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.

 Өзіне сыйлықтар келіп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оларды "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады;

- шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:

жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;

егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;

жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды.

Мемлекеттік қызметшінің отбасы мүшелері осы адам қызмет бабында байланысты болатын шетелдік жеке және заңды тұлғалардың да, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының да есебінен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристік, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттік қызметші өзінің отбасы мүшелері заңсыз алған сыйлықтарды сыйлықтың алынғаны туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беруге және өзінің отбасы мүшелері құқыққа сыйымсыз пайдаланған көрсетілген қызметтердің құнын мемлекеттік қызметшіге қызмет көрсетілгені туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы өтеуге міндетті.

 Ескерту. Заңда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаның отбасы мүшелеріне оның жұбайы (зайыбы), ата-аналары, балалары, сонымен қатар олармен бірге тұратын асырауындағы кәмелетке толмаған балалары жатады. 

Осылайша, қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау мақсатында, жеке және заңды тұлғаға мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге тыйым салынады, ал соңғылары оларды қабылдауға құқығы жоқ. 

Жекелеген мемлекеттік функцияларды атқару тәртібін реттейтін заңдармен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулерді қарастыратын басқа құқықтық нормалар белгіленуі мүмкін.  

Атап айтқанда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес, жеке тұлғалармен мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз материалдық ынталандыру, сыйлықтар, жеңілдіктер немесе қызметтер ұсынылғаны үшін, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болса, онда екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлға әкеп соқтырады. 

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның жеке өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды, жеңiлдiктерді не көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұлғалардың пайдасына әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн осыларды алуы, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның не оған теңестiрiлген тұлғаның қызметтiк өкiлеттiктерiне кiретiн болса, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне келіп түскен мүлік, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері бомласа, атап айтқанда: мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті немесе соған теңестірілген тұлғалға, сондай-ақ оның отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнайы мемлекеттік қорға тегін беруге жататын сыйлықтар  уәкілетті органға толық емес және (немесе) уақытында берілмеген жағдайда,  жеке тұлғаға сегіз, лауазымды тұлғаға он бес, заңды тұлғаға қырық бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соқтырады

 

Т.Ю Белая

«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ

басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл  

Дата публикации
29 декабря 2020
Дата обновления
29 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
17 апреля 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
29 сентября 2022
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы