Алуан түрлі арнайы алдын алу шараларының ішінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін, олардың біліктілігі мен кәсібилігін арттырудың, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтаудағы жауапкершілігін арттырудың маңызы зор.
Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық сананы дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың маңызды құрамдас бөлігі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізінде әр адамның құқықтық мәдениеті жатыр, ол сайып келгенде конституциялық құрылыстың тұрақтылығына, заңның үстемдігін нығайтуға, заңнаманың қол жетімділігіне, демократиялық құқықтық институттарды құрметтеуге, заңдылықты қатаң сақтауға жетелейді.
Сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады, ол Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында нақты белгіленген, басты мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру.
Әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында қызметін адал және жауапты түрде жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге өз үлесін қосады және мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігерімен ғана сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылысқа қарсы тұруға болады.
Қаржы басқармасы мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады және өз құзыреті шегінде облыстық бюджеттің атқарылуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу саласында функцияларды жүзеге асырады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру әрқашан қаржы басқармасының басым міндеті болып табылады. ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шеңберінде басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алу және болдырмау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін, сенім телефоны (25-30-42) жұмыс істейді, ғимаратта азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік, басқарма басшысының және басшы орынбасарының азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған. Басқарманың интернет-ресурсында жеке және заңды тұлғалардың өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша маңызды фактор мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен кәсібилігі болып табылады. Осыған байланысты қаржы басқармасында аппараттық сабақтар үнемі өткізіліп тұрады, онда мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларына қатысты мәселелер қаралады, басқарманың қызметін реттейтін заңнамадағы, оның ішінде мемлекеттік қызмет, әкімшілік құқық бұзушылық, мемлекеттік сатып алу туралы өзгерістер қадағаланады және талқыланады. Сондай-ақ, өзінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлер ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындау себептері мен жағдайларын болдырмау үшін басқармада тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, бюджетті атқару саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне жүйелі негізде талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
Ашықтық, айқындық тетіктерін енгізу және оларды нақты қамтамасыз ету сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нысандарының бірі болып табылады. Осыған байланысты қаржы басқармасының ресми интернет-ресурсында облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептер, бюджеттің атқарылу қорытындылары бойынша материалдар үнемі орналастырылады. Сонымен қатар, сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметі туралы арнайы бөлім бар.
Қаржы басқармасы өткізетін барлық іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын жоюға, құқықтық базаны жетілдіруге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттауға бағытталған.
Ақмола облысы қаржы
басқармасының басшысы
Т. Бөлтенов