Меню

Страницы

Статья

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысы.»

"Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 шілдеде № 5439 болып тіркелген).

"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-Ақмола облысы әкімдігінің 31.03.2020 № А-4/164 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д. З. Әділбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі С. Кулагин

 

Қосымша
әкімдігінің қаулысына қосымша
Ақмола облысы
2016 жылғы 9 маусымдағы
№ А-7/266
Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді-Ақмола облысы әкімдігінің 02.05.2018 № а-5/198 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.04.2019 № а-4/165 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1. Жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде штаттан тыс Техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалу.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда-Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2019 № а-4/165 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар.

3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер, Стипендиялар.
Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда-Ақмола облысы әкімдігінің 12.04.2019 № а-4/165 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
4. Банк қызметтеріне ақы төлеу, қарыз міндеттемелерін өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
5. Отын (ғимараттарды жылыту бөлігінде), тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді сатып алуға, Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек сатып алуға арналған шығыстар.
6. Атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау.
7. Ағымдағы нысаналы трансферттер, нысаналы даму трансферттері, республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер.

Дата публикации
13 мая 2020
Дата обновления
13 мая 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
17 апреля 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Талдамалық мақала
29 сентября 2022
Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы