Нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында қабылданған нормативтік құқықтық актілерді талдау қабылданған НҚА мәтіндеріне өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты, Ақмола облысының қаржы басқармасы Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 884-тармағын өзгерту және толықтыру жөнінде белгілі бір ұсыныстар дайындады.
Аталған ұсыныстарды ҚР Қаржы министрлігі қолдады және уәкілетті орталық органдармен келісілгеннен кейін «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 641 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.
Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының 884-тармағы мынадай редакцияда жазылды:
«884. МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерін, оның ішінде концессияны, жергілікті атқарушы органдарды тіркеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері МЖӘ-нің әрбір жеке жобасы бойынша, оның ішінде концессиялар бойынша орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне «е-Қаржымині» ИААЖ арқылы ұсынады.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ шарттарын/қосымша келісімдерін тіркеу рәсімін дербес жүргізетін болады.