«Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ әдеп жөніндегі уәкілінің
2022 жылғы есебіне түсіндірме жазба
2022 жылы Әдеп жөніндегі уәкіл мынадай жұмыс жүргізді:
Ағымдағы жылдың қаңтар айында басқарма қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің нормалары туралы» дәріс өткізілді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында басқарманың интернет-ресурсында «Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің нормалары туралы» мемлекеттік және орыс тілдерінде мақала орналастырылды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-karzhy/activities/directions?lang=ru
Ағымдағы жылдың 2 наурызында Е-қызмет ақпараттық жүйесінде басқарманың 24 қызметкері персоналды басқаруды бағалау бойынша сауалнама жүргізді.
Ағымдағы жылдың 5 наурызында мемлекеттік органның сайтында мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы бойынша сауалнама орналастырылды.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-karzhy/survey/826?lang=ru
Ағымдағы жылдың мамыр айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптарын сақтау бойынша кеңес өткізілді, онда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қатысты ұсынымдары қаралды. Кеңес нәтижелері бойынша басқарма қызметкерлеріне, персоналды басқару қызметіне және заң қызметіне тиісті ұсыныстар берілді.
Ағымдағы жылдың маусым айында мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында қаржы басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы спорттық іс-шараларға қатысты.
Қыркүйек айында басқарманың интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі» бабы мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қаржы басқармасының қызметкерлері «Бірге - таза Қазақстан» және «World clean-up day» экологиялық акцияларына, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері Күнін мерекелеуге және Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шараға қатысты.
Ағымдағы жылдың қазан айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкіл және персоналды басқару қызметінің бас маманымен бірлесіп тоқсан сайын наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық сервисінің «Арнайы есепке алу» дерекқорына мониторинг жүргізді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерін қылмыстық жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ, әкімшілік құқық бұзушылықтар (ЖҚЕ бұзу, жеке басын куәландыратын құжаттардың мерзімін өткізіп алу) болған. Бұзушылықтарға жол берген қызметкерлермен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ұжымда мемлекеттік органның оң имиджін және оң климатты қалыптастыруға қосқан үлесі үшін әдеп жөніндегі уәкіл ағымдағы жылдың 1,2 және 4 тоқсанында басқарма қызметкерлерін Наурыз мейрамына, ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне, Ұлттық мерекеге - Республика күніне, қаржыгер күнінің кәсіби мерекесіне, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша көтермелеу туралы ұсыныстар енгізді.
Сонымен қатар тоқсан сайын өткізілді:
қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі. Сауалнама нәтижелері бойынша ұжымда моральдық-психологиялық ахуал тиімді және оңтайлы жұмыс істеу үшін қолайлы екені анықталды.
басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу. Қымбат автокөліктер мен интерьер аясында, қымбат зергерлік бұйымдар мен басқа да сәнді заттардың көрсетілімінде ойын-сауық мекемелерінен, шетелдік демалыс орындарынан түсірілген фотосуреттер, бейнелер анықталған жоқ. БАҚ-тағы жағымсыз жарияланымдардың мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі.
еңбек ұжымының өкілімен, персоналды басқару қызметімен бірлесіп, жұмыс уақытын есепке алуды талдау. Басқарма қызметшілерінің жұмыс орындарында негізсіз кідірістер фактілері болған жоқ. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, сондай-ақ үстеме жұмысқа басқарма мамандары тартылған жоқ.
Басқарманың 2022 жылы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен өзге де азаматтар жеке қабылдауда жүгінбеді, әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша Басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты материалдар тәртіптік комиссияның қарауына түскен жоқ.
Басқарманың әдеп жөніндегі уәкілінің атына азаматтардың немесе мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және қорғау жөнінде өтініштер түскен жоқ.