
Жергілікті бюджеттің атқарылуы
Функциялары:
1) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруге қатысу;
2) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алуды жүргізу;
3) бюджет ақшасын басқару, оның ішінде көлемін айқындау және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға (депозиттерге) уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 124, 125-баптарына сәйкес бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118, 120-баптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
5) "Ақмола облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін және ұстауды қамтамасыз ету»;
6) түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
7) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарларын келісу, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын ашуға рұқсат беру;
8) республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттерінің және кредиттердің түсімдері және іске асырылуы бойынша бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
9) облыстық бюджеттің және облыс бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы туралы талдамалық есепті қалыптастыру;
10) бюджеттік кредиттерге қызмет көрсету, мониторинг және есепке алу;
11) өтініштерді қарау және жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бөлу, аудандар бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға қорытындылар беру және облыс әкімдігіне ақшаны және оның қалдығын пайдалану туралы ақпарат беру;
12) бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының тиімділігіне бағалау жүргізу үшін жиынтық ақпаратты жинауды және дайындауды қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 129-бабына сәйкес облыстық бюджеттің атқарылу қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге талдау жүргізу;
14) тиісті бюджет комиссиясының республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұру;
15) Ақмола облысының қаржы басқармасы әкімшілік ететін бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша облыстық бюджетке түсетін түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын облыстық бюджеттен қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес секвестрді жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу;
17) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздарын шығару, орналастыру, айналысқа жіберу, қызмет көрсету және өтеу бойынша қарыз алу процесін ұйымдастыру;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.