Хабарландыру!
Ақмола облысы тұрғындарының назарына!
2022 жылғы 18 наурыз, Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 1 Б (каб. 251) сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін "Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін жария талқылау өтеді.
Ниет білдірушілер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы кеңес ала алады. Байланыс телефоны 8 7162 50-32-07