Меню

Страницы

Статья

2020 жылғы үшін «Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2020 жылғы үшін

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ көрсетілген  мемлекеттік қызметтер туралы  есеп

 

Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік қызмет көрсету саласында рұқсат беру функцияларын көрсетеді.

Барлығы 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрі:

1) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»;

2) «Жобалау қызметіне лицензия беру»;

3) «Іздестіру қызметіне лицензия беру»;

4) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау»;

5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу». 

Басқарма мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға, бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен қағидаларына сәйкес көрсетеді. Қызметтер тек «Е-лицензиялау» электрондық порталы арқылы көрсетіледі.  Электрондық форматқа көшу – 100 %.

2020 жылғы 11 айда Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетуге 527 өтінімді қарады, оның ішінде өтініш берушілер - 102 өтінімді қайтарып алды, 162 мемлекеттік қызмет көрсетті (барлық көлемнің 38%). 

Оның ішінде қызмет түрлері бойынша:

лицензиялау бойынша - 72 мемлекеттік көрсетілетін  қызмет көрсетілді, оның ішінде - 41 лицензия берілді, 28 лицензия қайта рәсімделді, 3 өтініш берушілерге лицензияға қосымшасы берілді (жұмыстардың қосымша түрлері).  Өтінішті қарау мерзімі - 5 жұмыс күні.

Өтініштің бекітілген нысанына және мемлекеттік қызметті беруге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі «Е-gov» сайтында және өтініш берушінің Жеке кабинетінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі теріс нәтиже бас тарту себептерін көрсете отырып және қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, дәлелді бас тартумен ресімделеді.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензия алудан дәлелді бас тартудың негізгі себептері: құжаттардың толық емес пакеті, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, лицензиялық алым енгізілмеген немесе толық көлемде енгізілмеген.

Барлығы 2020 жылы үшін көрсетілген негіздер бойынша аталған мемлекеттік қызмет бойынша  130 өтініш берушілерге лицензия беруден бас тартылды.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау бойынша - 85 мемлекеттік көрсетілетін  қызмет көрсетілді, оның ішінде: 53 аттестат берілді, 32 аттестат қайта рәсімделді. Өтінішті қаралу мерзімі - 15 жұмыс күні.

Сарапшы аттестатын алудан дәлелді бас тартудың негізгі себептері: біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, тестілеудің шекті деңгейінен өтпеуі, өтінімнің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес келмеуі.

Барлығы 2020 жылы үшін көрсетілген негіздер бойынша аталған мемлекеттік қызмет бойынша  133 өтініш берушілерге сарапшы аттестат беруден бас тартылды.

 

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметі бойынша 2020 жылы автоматтандырылған режимде 5 куәлік берілді. Аккредиттеу куәлігінің қолданылу мерзімі - 2 жыл.

Көрсетілетін қызмет 20-40 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берумен толық автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде Басқарма тұрақты негізде өтініш берушілермен консультациялық жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес беру телефоны - 87162 50-32-07.

Басқармамен БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша үнемі негізінде түсіндіру және ақпараттық мәліметтер орналастырылып, Facebook (Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы) және Instagram (upr_gask_aqmola) әлеуметтік желілерде  парақшалар мен аккаунттар жұмыс істейді.           

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
27 февраля 2026
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп
Есеп
20 февраля 2025
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп
Есеп
27 февраля 2024
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

Социальные медиа

Instagram әлеуметтік желісінде "Ақмола облысы мемлекеттік сәйлет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ
Facebook әлеуметтік желісінде "Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы