Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер.

1) көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі бойынша рұқсат беру функцияларын көрсетеді.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Басқарма мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді:

- «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» (ақылы қызмет, 10 АЕК);

- «Жобалау қызметіне лицензия беру» (ақылы қызмет, 10 АЕК);

- «Іздестіру қызметіне лицензия беру» (ақылы қызмет, 10 АЕК);

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» (қызмет тегін);

- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» (қызмет тегін, толық автоматтандырылған).

Қызметтер тек «Е-лицензиялау» электрондық порталы арқылы көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жоқ.

Қағаз түрінде көрсетілетін қызметтер жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру - 100%. Қызмет нәтижесі электрондық түрде беріледі және «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында және өтініш берушінің жеке кабинетінде орналастырылады.

Басқарма мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңға, бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен қағидаларына сәйкес көрсетеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 3.

3) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер – «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру»; «Жобалау қызметіне лицензия беру»; «Іздестіру қызметіне лицензия беру»; «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау».

2022 жылы Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетуге 534 өтінімді қарады, оның ішінде өтініш берушілер дұрыс толтырылмау себебінен өз еркімен кері қайтарып алды, қате қоса берілген құжаттар және т.б. – 211 өтінім, 165 мемлекеттік қызмет көрсетілді (қаралған өтінімдердің 51%).

Мемлекеттік қызметтер бойынша лицензиялау бөлігінде - 110 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 38 лицензия берілді, 64 лицензия қайта ресімделді, 8 өтініш берушіге лицензияға қосымша (қосымша жұмыс түрлері) берілді.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша - 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде өтініш берушілерге – 38 аттестат берілді, 13 аттестат қайта ресімделді.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 2022 жылы автоматты режимінде 4 куәлік берілді. Қызмет 20-40 минут ішінде мемлекеттік қызмет нәтижесін берумен толық автоматтандырылған.

 

 

 

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Өтінім мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес келген және қойылатын біліктілік талаптарын орындаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі «Е-gov» сайтында және өтініш берушінің жеке кабинетінде орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудегі теріс нәтиже бас тарту себептерін көрсете отырып және қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, дәлелді бас тартумен ресімделеді.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Басқарма тұрақты негізде әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша түсіндіру және ақпараттық материалдарды орналастырады, Facebook (Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы; Ақмола облысының МСҚБ басқармасы) және Instagram (upr_gask_aqmola) әлеуметтік желілерінде парақшалар мен аккаунттар жұмыс істейді. Басқарманың ресми сайтына сілтеме https://gask.akmo.gov.kz.

2022 жылы әлеуметтік желілердің беттерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде 12 мақала мен хабарландыру орналастырылды, барлығы 24 публикация. Басқарма қызметшілерінің қатысуымен 2 тікелей эфир және көрсетілетін қызметті алушылармен 2 онлайн жәрмеңке, 1 техникалық оқу өткізілді.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру», «Жобалау қызметіне лицензия беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау», сондай-ақ «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары 2020 жылғы 20 тамызда жария талқылаудан өтті. 2022 жылы стандарттар бөлігінде  қолданыстағы заңнамада ешқандай өзгеріс болған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі Басқарманың қызметі туралы есеп жыл сайын көпшілік талқылауы үшін Басқарманың ресми сайтында, әлеуметтік желілерде және бұқаралық баспасөз құралдарында орналастырылады. Есеп орналастырылғанда қызмет алушылардың мақсатты аудиторияның пікірлермен ұсыныстарын қалдыру мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде Басқарма тұрақты негізде өтініш берушілермен консультациялық жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес беру телефоны-8 7162 50-32-07.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді белсенді режимде көрсеткен кезде өтініш берушілермен кері байланыс орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз (бас тарту себептері түсіндіріледі, өтініш берушінің құқықтары түсіндіріледі, сондай-ақ бас тарту себептері жойылған кезде өтініш берушінің қайта жүгінуге құқығы бар екендігі хабарланады).

2022 жылы 158 бас тарту берілді (өткен жылмен салыстырғанда 31% - ға аз). Әр өтініш берушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстың нәтижелері 2019-2022 жылдары Басқармаға және уәкілетті органдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша шағымдар мен өтініштердің болмауы болып табылады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беру үшін құжаттар пакеті қысқартылды, құжаттарды қарау мерзімі 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды, қызметтер өтініш берушіге үйден шықпай-ақ өтінім беруге мүмкіндік беретін электрондық форматқа ауыстырылды (лицензиялаудың барлық түрлері бойынша – «құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»; «жобалау қызметіне лицензия беру»; «Іздестіру қызметіне лицензия беру»).

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында лицензия беру кезінде тікелей байланыс алынып тасталды. Аттестаттау кезінде бірыңғай аттестаттау жүйесінде «E-gov» платформасында техникалық қадағалау, техникалық тексеру және сараптама бойынша сарапшыларды тестілеу функциясы енгізілді, онда аттестатталушыны ауыстыру мүмкіндігі және тестілеу нәтижелеріне әсері алынып тасталды.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган міндетті сақтандыруды енгізе отырып, сараптама және сараптама жұмыстарын жүргізу (лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу) саласындағы рұқсат беру құжаттары бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өзін-өзі реттеуге көшіру бойынша жұмыс жүргізуде.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Басқарма қызметкерлері тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

Осы тақырып бойынша соңғы курстардан өткен күні лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы А. Т. Уалиева: 2021 жылғы 1-5 ақпан, бөлімнің бас маманы Б. С. Тоғайбек: 2022 жылғы 14-15 ақпан.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.

Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша жоғары тұрған және уәкілетті органдарға мерзімді түрде ұсыныстар жолдайды.

Осындай ұсыныстардың бірі - электрондық деректер базасын интеграциялау және Басқарма қызметкерлерінің лицензиялау және аттестаттау кезінде еңбек өтілі бойынша мәліметтердің дұрыстығын тексеру кезінде әлеуметтік аударымдар жөніндегі дерекқорға қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттілігі («Е-лицензиялау» АЖ МДҚ және жүйелерді интеграциялау: 1) «Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесі және 2) ақпараттық жүйе «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы»).

Сондай - ақ, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» - «Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген кезде, қағаз аттестатты қолданылу мерзімін көрсетпей электрондық аттестатқа ауыстырған кезде аттестатты қайта ресімдеу» мемлекеттік қызметінің кіші түрін көрсету үшін техникалық мүмкіндік жоқ».   «Е-лицензиялау» жүйесінде бұл рәсімнің функционалы қарастырылмаған. Өтініш берушілер бұл үшін белгіленген тәсілмен қайта ресімдеуге өтініш бере алмайды.

Ұсыныстар жолданды және ҚР ИИДМ Құрылыс істері және ТКШ комитетінде қаралуда.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2022 жылы Басқармаға және уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2022 жылы тексерулер болған жоқ.

4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

2022 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері жарияланған жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Басқарма алдағы уақытта да көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайтын болады, мысалы, көрсетілетін қызметтерді алу бойынша түсіндіру ақпаратын бұқаралық баспасөз құралдарында, Басқарма сайтында орналастыру және өткізілетін Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелеріне қатысу.

Көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін ресми сайтта «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу бойынша «Е-лицензиялау» сайтында тіркелуден бастап өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге түпкілікті жіберуге дейін қадамдық суретті жадынама орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде Басқарма тұрақты негізде өтініш берушілермен консультациялық жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес беру телефоны - 87162 50-32-07.

 

«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ көрсетілетін қызметтер туралы 2022 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар “пікірлер” бөлімінде және  gask@aqmola.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Есеп
27 февраля 2026
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп
Есеп
20 февраля 2025
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп
Есеп
27 февраля 2024
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ-нің 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызметі туралы есеп

Социальные медиа

Instagram әлеуметтік желісінде "Ақмола облысы мемлекеттік сәйлет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ
Facebook әлеуметтік желісінде "Ақмола облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы