«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ 2020 жылдың 9 айында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма), Ақмола облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшесі ретінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ лицензиялау және аттестаттау жөніндегі рұқсат беру функцияларын орындайды.
Басқарма (лицензиялау және аттестаттау бөлімі) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді, атап айтқанда:
1) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау;
2) жобалау қызметін лицензиялау;
3) іздестіру қызметін лицензиялау;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.
Басқарма мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары мен ережелеріне сәйкес көрсетеді.
2020 жылғы 28 сәуірден бастап лицензиялау мен аттестаттауға қатысты өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 мемлекеттік қызметтер көрсетудің жаңа қағидалары мен стандарттары күшіне енді.
Лицензиялаудың, аттестаттаудың және аккредиттеудің барлық түрлері бойынша қызметтер "Е-лицензиялау"электрондық порталы арқылы көрсетіледі.
2020 жылдың 9 айында Басқарма 131 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Қызмет түрлері бойынша:
1) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:
- берілді -24 лицензия;
- қайта ресімделгені - 16 лицензия (атауының, заңды мекенжайының өзгеруіне, қайта ұйымдастырылуына байланысты);
оның ішінде санаттар бойынша:
I санат - 4 лицензия;
II санат - 12 лицензия;
III санат - 24 лицензия.
2) «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:
- берілді - 8 лицензия;
- қайта ресімделгені - 3 лицензия (атауының, заңды мекенжайының өзгеруіне, қайта ұйымдастырылуына байланысты);
- лицензияға қосымшалар берілді (қосымша жұмыс түрлері) - 1;
оның ішінде санаттар бойынша:
I санат-3 лицензия;
II санат-1 лицензия;
III санат-8 лицензия.
3) «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:
- берілді - 1 лицензия;
- қайта ресімделді - 1 лицензия (заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты);
- лицензияға қосымшалар берілді (қосымша жұмыс түрлері) - 1;
4) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі:
- берілді - 41 аттестат;
- 28 аттестат қайта ресімделді (қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты).
5) «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша –автоматтандырылған режимде 5 куәлік берілді.
Басқармамен 5 лицензияның қолданылуы тоқтатылды (1 – ерікті өтініш, 4 – неғұрлым жоғары санаттағы лицензияларды беруге байланысты).
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.