Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өз қызметін «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне, Кәсіпкерлік кодексіне және құрылыс саласындағы басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Басқарма қызметінің негізгі бағыты Ақмола облысының аумағында салынып жатқан объектілердің сапасын бақылау болып табылады.
Мәселен, 2024 жылы Басқарма жоспардан тыс 140 тексеру жүргізді, анықталған бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы 113 ұйғарым берілді.
Объектілерді пайдалануға қабылдаудың 1263 актісі және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 1548 хабарлама қаралды.
Басқарма 137 құрылыс субъектісіне қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдады.
Жобаға және құрылыс сапасына сәйкес келмегені үшін 22 қосалқы ұйым және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын 5 тұлға тартылды.
Жобалық және рұқсат құжаттарының жоқтығы үшін 45 құрылыс субъектісі тартылды.
Жалпы, 2024 жылы басқарма 42 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды. 44 әкімшілік іс соттарға қарау үшін жіберілді.
Басқарма құрылыс саласында лицензиялау және аккредиттеу бойынша 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді, сондай-ақ жобаларға сараптама жасауды және ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді, авторлық, техникалық қадағалауларды жүзеге асыруға сарапшыларды аттестаттауды,жүргізеді.
2024 жылы жобалық, іздестіру қызметіне, сондай - ақ құрылыс-монтаж жұмыстарына 148 лицензия берілді және қайта ресімделді.
Сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді (техникалық, авторлық қадағалау, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру, сондай-ақ жобаларды сараптау) жүзеге асыру құқығына сарапшының 53 аттестаты берілді және қайта ресімделді.
Есепті кезеңде жобаларды басқару жөніндегі 2 ұйым автоматты режимде аккредиттелген.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне, сондай – ақ мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес келмеуіне байланысты – 99 өтініш берушіге, оның ішінде 20 – лицензиялау бойынша, 79 - аттестаттау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
Тапсырыс берушілерге мердігерлік ұйымдардың жұмысына бақылауды күшейту және негіздер болған жағдайда қажетті әкімшілік-құқықтық шараларды қабылдау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасын уақтылы хабардар ету маңызды.
Ағымдағы мәселелерді тиімді шешу үшін:
- Заңсыз құрылысқа үнемі мониторинг жүргізу. Мұндай фактілер анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдау үшін Ақмола облысының МСҚБ басқармасына дереу ақпарат жіберу маңызды.
- Құрылыс процесінде мердігерлік ұйымдардың ұйымдастырушылық-технологиялық және жобалау құжаттарын сақтауын бақылауды нығайту. Аяқталмаған жұмыстармен немесе бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқулармен объектілерді қабылдау мүмкіндігін болдырмау қажет. Сондай-ақ, сапасыз жобалардың бекітілуіне жол бермеу керек.
- Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту кезінде, сондай-ақ объектілерді кейіннен пайдалануға қабылдау кезінде «халықтың аз қозғалатын топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігін» реттейтін мемлекетаралық құрылыс нормаларының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету қажет.
Құрылыс секторы оның дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі бола отырып, ел экономикасында шешуші рөл атқарады. Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы азаматтардың құқықтарын қорғауда, олардың өмір сүруі үшін қолайлы және қауіпсіз орта құруды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол сондай-ақ саладағы нормативтер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, құрылыс саласындағы мемлекеттік мүдделерді қорғауға ықпал етеді.