«Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі
«Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасы (бұдан әрі - жоба) Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толытырулар еңгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу және бекіту қызметі жергілікті атқарушы органдарының құзыретінен алынып тастауына байланысты әзірленді.
Осы жобамен облыс әкімдігінің 5 қаулысының күшін жоюы жаспарланған, оның ішінде сәулет, қалақұрылыс және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы 2 қаулы, сондай-ақ бұрын қабылданған актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 3 қаулы.
Қаулы жобасын қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4838831 мекенжай бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.