Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы ММ-де
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тестілеу рәсімін өткізу тәртібі
Тестілеу рәсімін өткізу тәртібі ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидалары негізінде әзірленді.
Тестілеу рәсімі өтініштердің түсуіне қарай және сарапшыларды аттестаттауға арналған өтініштерді қарау мерзімінде жүргізіледі.
Тестілеу рәсімін өткізу 2 ай бойы тестілеу жазбасы сақтала отырып, бейнетіркеумен сүйемелденеді.
"Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы" ММ – де (бұдан әрі-Басқарма) тестілеу рәсімін өткізу тәртібі:
|
№ п/п |
іс-әрекет |
Жауапты орындаушылар |
|
|
1 |
Тестілеу бағдарламасымен алдын ала жұмыс: деректерді енгізу (т.а. ә., ЖСН, жұмыс орны, таңдаған мамандануы және аттестат санаты). |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
2 |
Тестілеу өткізілген күні: 1) басқарма ғимаратының холында өтініш берушілерді қарсы алу. 2) өтініш берушілердің жеке куәлігін көрсетуі. 3) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатпен көзбен салыстырып тексеру. 4) өтініш берушілерді тестілеу орнына алып бару (1 қабат, № 109 кабинет). |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
3 |
Тестілеудің басталуы. |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
4 |
Тестілеудің аяқталуы. |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
5 |
Электрондық тестілеу нәтижесімен танысу, Танысу туралы актіге қол қою. |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
6 |
Жеке кабинетке және "Е-gov" электрондық үкімет веб-порталына тестілеу нәтижесін беру бойынша ақпаратты түсіндіру (аттестат немесе дәлелді бас тарту). |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
7 |
Аттестат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі - 2 (екі ) жұмыс күні ішінде. |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
8 |
Сарапшы аттестаты "электрондық үкімет" веб-порталында жарияланады: www.egov.kz аттестаттау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығына қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде. |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
|
9 |
Басқарма қызметкерлері уәкілетті органның бірыңғай тізіліміне енгізу үшін аттестатталған сарапшылар туралы ақпарат береді. |
ЛжА бөлімі Уалиева А. Т. |
|
Қысқартулардың толық жазылуы:
ЛЖА бөлімі- Лицензиялау және аттестаттау бөлімі