Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес
1) Іздестіру қызметіне лицензия беру;
2) Жобалау қызметіне лицензия беру;
3) Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 175 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін инженер-техник жұмыскердің болуын және ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуын растайтын құжаттармен қоса беріледі;
2) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген, заңды тұлға-лицензиатты бірігу нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде қайта ресімдеген кезде:
жеке тұлға үшін - осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған нысан бойынша өтініш;
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған, нысан бойынша өтініш;
3) заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру, заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде, лицензияны қайта ресімдеген кезде:
заңды тұлға үшін - осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген бөліп шығарған заңды тұлғаның лицензияны бөлініп шыққан заңды тұлғаға қайта ресімдеуге келіскені туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілеріне жол берілмейді.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) алынған кезде:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат - өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін;
жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі);
еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі.
Еңбек кітапшасы негізді себептер бойынша болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін растайтын келесі құжаттардың бірін ұсынады:
жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі;
еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электрондық көшірмесі;
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі.
2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) өзгеруіне байланысты қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
3) қағаз аттестатын қолданылу мерзімі көрсетілмей электрондық аттестатқа қайта ресімдеу кезінде:
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
аттестаттың электрондық көшірмесі.
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілеріне жол берілмейді.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу бойынша
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) куәлікті алған кезде порталға:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер;
2) аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
заңды тұлғаны бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде бөлініп шыққан заңды тұлғаның куәлігін қайта ресімдеуге келісімі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген шешімнің электрондық көшірмесі.
* Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көзделмеген құжаттарды талап ету фактілеріне жол берілмейді.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.