2020 жылы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы көрсетілген қызмет туралы есептің қоғамдық талқылау өткізудің нәтижесі туралы қорытындысы
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасы» ММ
|
№ т/т |
Ұсыныс және (немесе) ескерту енгізген жеке тұлғаның, мекеменің атауы |
Көпшілікпен талқылау шеңберінде түскен ұсынстарын және (немесе) ескертудін қысқаша мазмұны |
Ұсынстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет (жауап) |
Ұсынстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы негіздеме |
Ескерту |
|
|
«Навигатор+» ЖШС Асыхатов О.
|
Құрылыс-монтаж қызметіне 3-санатты лицензия алу үшін қандай құжаттар қажет. |
Белгіленген үлгідегі өтініш, біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник қызметкерлердің болуы туралы, өндірістік базаның болуы туралы, техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің толтырылған нысаны. |
Қабылданды. Қолданыстағы заңнама бойынша түсініктемелер және тікелей сұралатын жұмыс түрлері бойынша кеңестер берілді. |
- |
|
|
Асыхатов О. |
Лицензиялық алым қандай соманы құрайды? |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес мынадай: 1) лицензия бергені үшін - 10 айлық есептік көрсеткіш;; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% -ын құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Лицензияны алуға және қайта ресімдеуге электрондық сұрау салу берілген кезде төлем «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. |
Қабылданды. Түсініктемелер берілді |
|
|
|
Кантарбаев Б. |
Сарапшы аттестатын алуға өтініш берген кезде қандай құжаттарды ұсыну қажет? |
нысан бойынша өтініш 2-қосымшаға берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; жеке басын куәландыратын құжат - өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін; жоғары кәсіптік білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі ( ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда, растайтын құжаттың электрондық көшірмесі); еңбек кітапшасының электрондық көшірмесі. Еңбек кітапшасы негізді себептер бойынша болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еңбек қызметін растайтын келесі құжаттардың бірін ұсынады: жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек шартының электрондық көшірмесі; еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзіндінің электрондық көшірмесі; қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтері бар мұрағаттық анықтаманың электрондық көшірмесі |
Қабылданды. Түсініктемелер берілді |
|
|
|
Бондарев А. |
Мен құрылыс саласында орта кәсіптік білімі бар және құрылыста 10 жылдан астам еңбек өтілі бар бола тұра, техникалық қадағалауға сарапшы аттестатын ала аламын ба? |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларына сәйкес барлық жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыруға сарапшы аттестатын алу үшін құрылыс саласында жоғары кәсіптік білімінің болуы міндетті. Орта кәсіптік білімі бар адамдар тестілеуге жіберілмейді. |
Қабылданды. Түсініктемелер берілді |
|
Басшының м.а. Б. Ғабдулин
2021 жылғы « 30 » наурыз