«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ 2020 жылы үшін
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
ЕСЕП
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
«Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 5 мемлекеттік қызмет түрі бойынша рұқсат ету функцияларын көрсетеді.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Басқарма мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді:
- «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру» (ақылы қызмет, 10 АЕК);
- «Жобалау қызметіне лицензия беру" (ақылы қызмет, 10 АЕК);
- «Іздестіру қызметіне лицензия беру» (ақылы қызмет, 10 АЕК);
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» (көрсетілетін қызмет тегін);
- «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» (көрсетілетін қызмет тегін).
Қызметтер тек «Е-лицензиялау» электрондық порталы арқылы көрсетіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жоқ.
Тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 2 мемлекеттік қызмет, ақылы негізде – 3 мемлекеттік қызмет.
Қағаз түрінде көрсетілетін қызметтер жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру-100%. Қызмет нәтижесі электрондық түрде беріледі және "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасында және өтініш берушінің Жеке кабинетінде орналастырылады.
Басқарма мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен қағидаларына сәйкес көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 3.
3) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Ең көп сұранысқа сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру», «Жобалау қызметіне лицензия беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау».
2020 жылы Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетуге 527 өтінімді қарады, оның ішінде өтініш берушілер - 102 өтінімді қайтарып алды, 162 мемлекеттік қызмет көрсетті (барлық көлемнің 38%).
Лицензиялау бөлігінде мемлекеттік қызметтер бойынша - 72 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде: 41 лицензия берілді, 28 лицензия қайта ресімделді, 3 өтініш берушіге лицензияға қосымшалар берілді (қосымша жұмыс түрлері).
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік қызметі бойынша - 85 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде – 53 сарапшы аттестаты берілді, 32 өтініш берушіге аттестаттар қайта ресімделді.
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызметі бойынша, 2020 жылы автоматтандырылған режимде 5 куәлік берілді. Көрсетілетін қызмет 20-40 минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін берумен толық автоматтандырылған.
Өтінім стандартқа сәйкес келген және мемлекеттік қызметті беруге қойылатын біліктілік талаптарын орындаған кезде Мемлекеттік қызмет нәтижесі «Е-gov» сайтында және өтініш берушінің Жеке кабинетінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудегі теріс нәтиже бас тарту себептерін көрсете отырып және қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасай отырып, дәлелді бас тартумен ресімделеді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Instagram Facebook (Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы) және Instagram (upr_gask_aqmola) әлеуметтік желілерінде парақшалар мен аккаунттар жұмыс істейді, басқармамен әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша түсіндіру және ақпараттық материалдар тұрақты негізде орналастырылады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру», «Жобалау қызметіне лицензия беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау», сондай-ақ «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары 2020 жылғы 20 тамызда жария талқылаудан өтті.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі басқарманың қызметі туралы есеп жыл сайын көпшілік талқылауы үшін Басқарманың ресми сайтында және бұқаралық баспасөз құралдарында орналастырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының тиімділігін арттыру және көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейінің төмендеуіне жол бермеу шеңберінде Басқарма тұрақты негізде өтініш берушілермен консультациялық жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес беру телефоны - 87162 50-32-07.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді белсенді режимде көрсеткен кезде өтініш берушілермен кері байланыс орнату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз (бас тарту себептері түсіндіріледі, өтініш берушінің құқықтары түсіндіріледі, сондай-ақ бас тарту себептері жойылған кезде өтініш берушінің қайта жүгінуге құқығы бар екендігі хабарланады).
2019-2020 жылдары Басқармаларға және уәкілетті органдарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар мен өтініштердің болмауы осы жұмыстың нәтижелері болып табылады.
2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуден 263 дәлелді бас тарту берілді.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру», «Жобалау қызметіне лицензия беру», «Іздестіру қызметіне лицензия беру», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беру үшін құжаттар пакеті қысқартылды, құжаттарды қарау мерзімі 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды, көрсетілетін қызметтер толығымен электрондық форматқа көшірілді., өтініш берушіге үйден шықпай-ақ өтініш беруге мүмкіндік береді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызметтерді лицензиялау және аттестаттау бөлімі (бөлім басшысы, бас маман) көрсетеді.
Басқарма қызметкерлері тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы А. Т. Уәлиеваның аталған тақырып бойынша соңғы курстардан өткен күні: 2021 жылғы 1-5 ақпан аралығында
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру болып табылады.
Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру бойынша жоғары тұрған және уәкілетті органдарға мерзімді түрде ұсыныстар жолдайды.
Осындай ұсыныстардың бірі-электрондық дерекқорды интеграциялау және басқарма қызметкерлерінің әлеуметтік аударымдар бойынша дерекқорға қол жеткізуін қамтамасыз ету қажеттілігі (лицензиялау және аттестаттау кезіндегі еңбек өтілі бойынша мәліметтердің дұрыстығын тексеру).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2020 жылы Басқармаға және уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Жүргізілген бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзушылықтар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2020 жылғы 24 шілде мен 24 тамыз аралығында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Басқарманың қызметіне қатысты, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
Сыртқы талдау жүргізу қорытындылары бойынша бүгінгі күні орындалған ұсынымдар әзірленді.
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Басқарма алдағы уақытта да көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру бойынша шаралар қабылдайтын болады, мысалы, көрсетілетін қызметтерді алу бойынша түсіндіру ақпаратын бұқаралық баспасөз құралдарында, Басқарма сайтында орналастыру және өткізілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелеріне қатысу.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ресми сайтта «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу бойынша «Е-лицензиялау» сайтында тіркелуден бастап көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді түпкілікті жіберуге дейін қадамдық суретті жадынама орналастырылған.
Ақмола облысының
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау
басқармасының басшысы Б. Ерназаров