2024 жылдың 1 шілдесінде Есіл ауданына "AMANAT" партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы Берген Маратұлы Беспалинов жұмыс сапарымен келді.
Берген Маратұлы Есіл қаласының солтүстік шағын ауданында 21 жеке тұрғын үйдің құрылысына барды. Бұл үйлер көктемгі су тасқынынан кейін үйлері апатты деп танылған тұрғындарға арналған. Құрылыстың жалпы ауданы-1694,7 м2, ал бір үйдің орташа ауданы-80,7 м2. Құрылысты "Нұр-Астана Құрылыс" ЖШС компаниясы өз қаражаты есебінен жүргізуде.
Жұмыс сапарының соңында "AMANAT" партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы сумен жабдықтау жүйесін қайта құру жұмыстарымен танысты. "Даниер "ПТСФ" ЖШС мердігер ұйымы екі ұңғыманы бұрғылауды аяқтап, магистральдық құбыржолын салды, екінші көтергіш сорғы станциясын және суды тазартудың блокты-модульдік станциясын орнатты. Сондай-ақ, ауыл үйлеріне су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Сорғы станциясының аумағын қоршау, резервуарға іргетас дайындау және құю жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба ауыспалы болып табылады және бүгінгі күні жұмыстар аяқталуға жақын.