Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылы аудандық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылы аудандық сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау қорытындылары туралы хабарламасы
Есіл ауданының сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.
Құрылған сайлау комиссиясы Ақмола облысының Есіл ауданында сайлауға дайындықты және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Жеті саяси партияның ұсыныстары бойынша сайлау комиссиясының жаңа құрамына сайлау комиссиясының 7 мүшесі сайланды.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабында және 2-тармағында, 20-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссиясының бірінші отырысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, орынбасары және хатшысы сайланды.
Аудандық мәслихаттың сайлау комиссиясының жаңа құрамын сайлау туралы шешімін және комиссияның орналасқан жерін аудан тұрғындарына жеткіземіз.
Есіл аудандық мәслихаты сессиясының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С — 15-3 "Есіл аудандық сайлау комиссиясын сайлау туралы"шешімі.
Есіл аудандық сайлау комиссиясының құрамы: төраға-Деревяга Максим Леонидович, төрағаның орынбасары — Нұрмағамбетов Ақжол Ернарұлы, хатшы —Алпыспаева Алмагүл Таңатқызы, комиссия мүшелері: Жамбаев Қанат Қошқарбайұлы, Даулыбаев Нұрлан Қалыұлы, Хангишиева Джамиля Гаджиевна, Каласова Балзия Асылбекқызы.
Орналасқан жері: 020900, Есіл қаласы, Жеңіс көшесі 60, тел.8 (71647) 50-00-6.