Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бір жыл ішінде 1 триллион теңгеге өсті

2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,97 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде (01.09.2021ж. - 01.09.2022 ж.) сома 1,02 трлн теңгеге немесе 7,9 % өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 13,6 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары 416,0 млрд теңге, ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлемі шамамен 3,0 млрд теңге.

Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейе түсуде. 2022 жылдың сегіз айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 1,1 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 246,7 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің 95,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 1,0 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім 29%), МКЗЖ бойынша 50,1 млрд теңге (өсім 37%) түссе, ЕЗЖ бойынша 1,6 млрд теңге (өсім 293%) аударылды.

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2022 жылғы 1 қаңтар мен 1 қыркүйегі аралығында шамамен 694,7 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді.

2022 жылдың 1 қыркүйегіне БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,0 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 907 012 бірлік. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар 581 410 бірлік болса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан жеке зейнетақы шоттарының саны 346 793 бірлікке жетті.

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 1 триллион теңгеден асатын сома төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 868,3 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 75,9 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,2 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 34,0 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 17,5 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 3,7 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 1,6 млрд теңге.

Атап кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 859 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды.

Дата публикации
05 октября 2022
Дата обновления
05 октября 2022
Тип

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы