Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру кезінде нені білу қажет?

"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған не ол бүкіл мұраның тағдырын айқындайалмаған кезде, сондай-ақ азаматтық заңдарда белгіленген өзге де жағдайларда заң бойынша мұрагерлік орын алады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бөліміне (мұрагерлік құқық) сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы өтініш не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш тастау арқылы оны қабылдауы тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде мұра қабылдануы мүмкін.

Аталған мәселелер бойынша БЖЗҚ мен нотариустар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру, сондай – ақ рәсімді жеңілдету үшін ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, "ҰАТ" АҚ және БЖЗҚ арасында "Е-нотариат "бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі" мемлекеттік ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт (бұдан әрі-шарт)жасалды.

Нотариустар шарт шеңберінде жүзеге асырылған сервис арқылы қайтыс болған адамдардың жеке зейнетақы шоттарындағы (бұдан әрі – ЖЗШ) ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді алу үшін БЖЗҚ-ға онлайн режимінде сұраныстар жолдай алады.

Нотариустан қайтыс болған адамның ЖЗШ-сында бар зейнетақы жинақтары түріндегі мұраға құқық туралы куәлікті алғаннан кейін, мұрагер немесе оның сенім білдірілген адамы БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі қажет. Құжаттардың толық тізімі осында берілген: https://www.enpf.kz/kz/services/recipient/heir.php

Егер мұрагер құжаттар тізбесін толық көлемде берсе, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар БЖЗҚ-ға келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ төлемді жүзеге асырады.

             Айта кету керек! Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын төлеу тек қана төмендегілер негізінде жүзеге асырылады:

  1. БЖЗҚ-ға ұсынылған құжаттар;
  2. басқа жеке немесе заңды тұлғалар емес, БЖЗҚ жүзеге асырады;
  3. мұрагердің өзінің банк шотына, оның ішінде егер зейнетақы төлемдерін алушы кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз/әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адам болып табылған жағдайда аударылуы мүмкін. Зейнетақы жинақтарын басқа тұлғаның, тіпті заңды өкілдің (қорғаншының/қамқоршының) немесе сенім білдірілген адамның банк шотына төлеуге жол берілмейді.

Мұрагер не оның сенім білдірілген адамы, оның ішінде мұраға құқық туралы куәлік негізінде БЖЗҚ-дан қайтыс болған адамның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы QR-коды бар ЖЗШ-дан үзінді көшірме түріндегі ақпаратты алуға құқылы, онда БЖЗҚ-ның уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған ЖЗШ-дан үзінді көшірменің электрондық нұсқасына веб-сілтеме қамтылады. Бұл ретте ЖЗШ-дан берілген үзінді көшірменің түпнұсқалығын тексеруге арналған веб-сілтеме ЖЗШ-дан үзінді көшірме берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде қолжетімді болады.

Дата публикации
19 августа 2022
Дата обновления
19 августа 2022
Тип

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы