Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

МҚІА Төрағасы: «Қоғам мемлекеттік қызметшілердің бойынан біліктілікті, әдептілікті, ашықтықты, адалдықты, адамгершілік қасиет пен жоғары мәдениеттілікті көргісі келеді»

Бүгін Дархан Жазықбаевтың төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде а.ж. бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша мәжіліс өтіп, жиында мемлекеттік қызметті дамытудың өзекті мәселелері пысықталды.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе – әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Кеңес барысында Агенттік Төрағасы Дархан Жазықбаев «Қоғам мемлекеттік қызметшілерден олардың біліктілігімен қатар әдептілігін, ашықтығын, адалдығын, адамгершілік қасиетін және жоғары мәдениеттілігін талап етеді» деп атап өтті.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында, кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі мәжілісте сөйлеген сөзінде «...мемлекеттік қызмет жүйесін іс жүзінде сервистік және клиентке бағдарланған болуы үшін қайта жаңғырту» қажеттілігін атап өтті.

Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа сын-тегеуріндерді шешу жаңа редакциядағы Әдеп кодексін қабылдауға себеп болды.

Кодексте адал ниеттілік, адалдық, әділеттілік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану іспетті мемлекеттік қызметтің әдептілік қағидаттары айқындалды.

«Бұл ретте «клиентке бағдарланған» мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар қарастырылған», – деп атап өтті  Агенттік Төрағасы.

Жиында Әдеп жөніндегі кеңестердің жұмыс қорытындылары айтылды. Әдеп жөніндегі кеңестермен 82 отырыс өткізіліп, онда барлығы 542 мәселе қаралды. Оның ішінде, тәртіптік істер – 189, профилактикалық бағыттағы мәселелер – 321 немесе шамамен 60%. Осылайша, Әдеп жөніндегі кеңестердің қызметі көбінесе этикалық нормаларды бұзудың алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

Осы жұмыстың арқасында әдеп нормаларын бұзғаны үшін жазаланған адамдардың саны жыл сайын азайып келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жылда олардың саны 2 есе азайған.

Әдеп жөніндегі кеңестермен 2393 ұсыным енгізіліп және 96% орындалды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 1323 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Әдеп жөніндегі кеңестердің ұсынымдары негізінде 32 мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жазалардың күші жойылды, 63 тәртіптік іс тоқтатылды.

Жұмыс уақытын жүйелі түрде бұзуға жол бермеу жөніндегі жұмыс нәтижесінде 1047 қызметшіге қосымша демалыс сағаттары берілді. Үстеме жұмысқа заңсыз тартылған қызметкерлерге 38 млн. теңгеден астам ақшалай өтемақы төленді.

Дата публикации
25 июля 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы