Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Алаяқтар қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы ұсынуда

М

Алаяқтар қаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы ұсынуда

Қаржы пирамидаларының құрбаны болған азаматтар қаржылық алаяқтардың әрекеттерінен қайтадан зардап шегуі мүмкін. Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, оның мәні – қаражатын түрлі қаржы пирамидаларына салған азаматтарға ақшаны қайтарып алуға көмек көрсету, - деп хабарлайды Fingramota.kz.

Атап айтқанда, алаяқтар қаражатты қайтарып алу бойынша қызмет ұсынады, кейде сомалары қаржы пирамидасына салынған ақшадан артық болады. Қаскүнемдер «аса жоғары өтемақы сомасын төлеуді» «заңгерлердің ақысы», «салық» төлеу және басқа да «міндетті төлемдермен» түсіндіреді. 

Нәтижесінде азаматтар қаржы пирамидасына салған қаражаттан бірнеше есе артық қаражат жоғалтады әрі тиісінше ешқандай өтемақыға ие болмайды.

Ресей Федерациясының Салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі федералды қоғамдық-мемлекеттік қоры осыған ұқсас сызбаны анықтады. Қор сайтын (https://fedfond.ru/) толығымен көшіріп алған жалған Азия салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қор алаяқтардың сайтында (https://fedfond.com/) Қордың атынан «Questra World» және «Asset Management» қаржы пирамидаларының қызметінен «өтемақы» алу мүмкіндігі туралы ақпарат орналастырылған.

Бұл ретте Қор тізілімінде аталған компаниялар жоқ және оларды болашақта да енгізуге болмайды, өйткені тізілімге Ресей Федерациясының аумағында ғана әрекет еткен ұйымдар енгізіледі. Өтемақыларды да қор РФ азаматтарына ғана төлейді. 

Осыған байланыстықаржы пирамидаларының әрекетінен зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына өтемақы төлеу мүмкіндігі туралы бүкіл ақпарат дәйексіз болып табылады.

Егер сіз Ресей Федерациясының Салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі федералды қоғамдық-мемлекеттік қоры жәнеАзия салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қор атынан өтемақы төлеу туралы ұсыныс алсаңыз, аталған ақпаратқа сенбеңіз және құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Дата публикации
10 июня 2022
Дата обновления
10 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы