Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Жастар зейнетақы туралы неліктен қазірден бастап ойланулары керек?

Жастар зейнетақы туралы неліктен қазірден бастап ойланулары керек?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен қаржы ұйымдары өткізіп жатқан жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған апталығына  БЖЗҚ белсенді түрде қатысуда.

«Тұран» университетінде жүзден астам студент, магистрант, докторант пен оқытушыларға арналған  «Қаржылық сауаттылық халықтың әл-ауқатын арттыру факторы ретінде» атты дәріс түріндегі басқосу өтті. Шараға «БЖЗҚ» АҚ басқа қаржы реттеушісі, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі, «KMF-Демеу» қоры және Бірінші Несие бюросының өкілдері қатысты. БЖЗҚ мамандары «Неліктен зейнетақы жөнінде қазірден бастап ойлану керек: бәрі де Қазақстанның зейнетақы жүйесі жайында» тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесу барысында студенттер Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қалай құрылғаны жөнінде мағлұмат алды. Елімізде мемлекеттік және жинақтаушы зейнетақыдан тұратын көп деңгейлі зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейтіндігіне ерекше назар аударылды. Жинақтаушы құрамдауыштың мәні жылдан жылға артып келе жатқандықтан, дәріс барысында БЖЗҚ-дағы жинақтаушы жарналар – міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарнасы (ЕЗЖ) егжей-тегжейлі аталып өтілді. Инвестициялық басқару және онлайн қызметтерді алу, сондай-ақ, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептеу мүмкіндігі секілді тақырыптар да аудиторияның қызығушылығын тудырды. 

         - Студенттердің дәрісімізді бар ынта, зор ықыласпен тыңдағандары өте қуанарлық жәйт.  Өздеріңге белгілі, қазір зейнеткерлер зейнетақыларының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алса,  бүгінгі студенттердің зейнетақысы ең алдымен өздеріне байланысты болады. Сондықтан жастарды зейнетақы жинағын жоспарлау дағдысына осы бастан үйрету маңызды, - деп атап өтті дәріс беруші, «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Талғат Қабанбаев.

Іс-шара екінші рет отбасылық «SOS Алматы балалар ауылында» өтті. Бұл жолы зейнетақы қаржылық сауаттылығынан тұңғыш сабақ алған жасөспірім оқушылар негізгі аудитория болды.

БЖЗҚ жас буын өкілдеріне қария шақты лайықты қарсы алуда өздерінің зейнетақы шотын тұрақты және толық көлемде толықтырып отырудың қаншалықты қажет екенін түсінулері үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде студенттермен кездесулерді әрі қарай да жалғастыра беретін болады.

Дата публикации
19 мая 2022
Дата обновления
19 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы