«Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ қызметінің 2021 жылдың нәтижелері туралы
Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылдың
12 айына 280 аудиторлық іс-шара өткізді, аудит жалпы сомасы 87 767,3 млн.теңгені құрайтын бюджет қаражатын қамтыды, оның нәтижелері бойынша жалпы сомасы 32 335,4 млн.теңгеге немесе қамтудың жалпы көлемінің 36,8% заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
• 12 524,6 млн.теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар;
• 8 608,9 млн.теңге сомасындағы іс жүргізу сипатындағы бұзушылықтар;
• 11 201,9 млн.теңге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзылуы.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 12 524,6 млн.теңге қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтелуге жатады, оның ішінде 12 310,0 млн.теңге көлеміндегі бұзушылықтар жойылды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін аудит объектілеріне 227 нұсқамалар жіберілді, оның ішінде 21 нұсқамаларға орындалу мерзімі келмеген. Толығымен 205 нұсқама орындалды. Нұсқамаларға берілген жауаптарға сәйкес, аудит объектілерінің 257 лауазымды тұлғалар жіберілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды,соның ішінде 2 лауазымды тұлға жұмыс орнынан босатылды.
2021 жылы Департаментпен лауазымды тұлағаларға қатысты жалпы сомасы 40,1 млн.теңге айыппұл салуға 576 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның 40,1 млн.теңгесі бюджетке өтелді.
Департаментпен процессуалдық шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарына 53 аудиторлық материалдарды жіберілді, оның ішінде: 7 - материал сотқа жолданды, 2-СДТБТ-ға қоса тіркелген,7-материал бойынша ҚР ҚІЖК 35 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерінің болмауына байланысты тоқтатылды, 16 - материал бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылу үшін басқа органдарға хаттар жолданы, 21 материал өндірісте.
Сонымен қатар, Департаментке 15870,4 млн. теңгенің қамтылған бюджеттік қаражатының жалпы көлемімен қозғалған қылмыстық іс аясында шығарылған талаптар, анықтамалар, шешімдер негізінде құқық қорғау органдары тартқан мамандардың 64 қорытындысы дайындалды, оның ішінде:
- прокуратураның талаптары мен сұраныстары бойынша - 26 қорытынды;
- қозғалған қылмыстық істер шеңберінде маман тарту туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің шешімдері бойынша - 27 қорытынды;
- Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің жарлығымен -5 қорытынды;
-Ақмола облысы бойынша ҰҚКД жарлығымен -1;
-Ақмола облысы полиция департаментінің ӨҚҚБ -1;
-сот анықтамасы бойынша-1.
Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомада заң бұзушылықтар анықталды 6 882,2 млн. теңге, оның ішінде:
- 3 113,8 млн. мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар;
- 3 768,3 млн. теңге сомасындағы іс жүргізу сипатындағы бұзушылықтар.