Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тұмау вирусымен және басқа да тұмауға ұқсас инфекциялармен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайына және олардың айналымына мониторингті жалғастыруда.
ҚР-да ағымдағы эпидемиялық маусымда (2021 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-дің 3 млн. 306 мың жағдайы тіркелді, 2019-2020 жылғы эпидемиялық маусыммен салыстырғанда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық бір деңгейде.
2021 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында сырқаттанушылықтың өсуі байқалды, наурыз айында сырқаттанушылық деңгейі қаңтармен салыстырғанда 1,5 есе төмендеді, сәуірдің өткен кезеңінде наурыздың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 11%-ға төмендеді.
Қазіргі эпидемиялық маусымда А H3N2 және В тұмауы вирустарының айналымы байқалады.
Қазақстанда тұмаудан басқа риновирус, РС вирусы, аденовирустық инфекция, парагрипп, метапневмовирус, бокавирустық инфекция және басқа да тұмауға жатпайтын вирустардың айналымы анықталды.
Шымкент қаласында 2021 жылғы 1 қазаннан бастап ЖРВИ-дің 180 783 жағдайы тіркелді, 2019-2020 жылғы эпидемиялық маусыммен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде. Шымкент қаласында бүкіл республикадағы сияқты сырқаттанушылық эпидемиялық маусымның басында өсті (2021 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін), ол кезде айына 52 мыңға дейін ЖРВИ-мен ауыратын науқас тіркелді, наурызда сырқаттану 2,6 есе төмендеді, сәуірде сырқаттанушылық наурыз айының деңгейінде тұр.
Шымкент қаласында тұмау вирусының айналымы қазанның екінші жартысынан бастап анықталды және бүгінгі күні А H3N2 тұмауының 16 жағдайы анықталды.
Қазіргі уақытта тұмау мен ЖРВИ-дің эпидемиялық маусымы аяқталуда, сырқаттанушылық деңгейі эпидемиялық маусымның ағымдағы уақытына сәйкес келеді, сырқаттанушылықтың көтерілуі байқалмайды.
Тұмау мен ЖРВИ-дың эпидемиялық маусымының аяқталуына қарамастан, халықты әлі де адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеу, үй-жайларды жиі желдету, қол гигиенасын сақтау сияқты алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Сондай-ақ аурудың асқыну қаупін азайту үшін медициналық көмекке уақтылы жүгіну қажет.
Жағдай санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бақылауында.