Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

КВИ БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ.

2022 жылдың сәуір айының басындағы коронавирустық инфекция (бұдан әрі – COVID-19) сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде қолайлы. Өткен аптада сырқаттану жағдайы тіркелген жоқ, ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 865 зертханалық расталған COVID-19 жағдайы тіркелді, оның 821-і белгілері бар, 44-і симптомсыз. Ақмола облысы да, Есіл ауданы да жасыл аймақта.
Наурыз айында Ақмола облысында COVID-19 инфекциясының зертханалық расталған 74 жағдайы тіркелді, оның 9-ы (12,2%) Есіл ауданында.
Наурызда COVID-19 ауруының күрт төмендеуі ақпанмен (264) – 29,3 есеге, 2021 жылғы наурызбен (43) салыстырғанда 4,7 есеге төмендеді. Жас бойынша: 14 жасқа дейінгі балалар – 2 (22,2%), 60 жастан асқандар – 3 (33,3), 18-29, 30-39, 40-49, 50-59 жас топтарында 1 жағдайда – 11,1%. Аумақ бойынша Есіл қаласында – 6 (66,6%), Юбилейное ауылында – 2 (22,2%), Свободный ауылында – 1 (11,1%).
Ауданда COVID-19 инфекциясына қарсы екпе және ревакцинация жұмыстары жалғасуда. Вакцинацияның 1 құрамымен жатқызылған контингенттен 72,8%, жалпы халық санынан 51,4%, аяқталған вакцинациямен сәйкесінше 71,8% және 50,7% қамтыды, ревакцинациямен қамту 60,5%.
12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді Pfizer «Комирнати» вакцинасымен қамту 24,8%, аяқталған вакцина 19,7% құрайды. 16-37 апталық жүкті әйелдерді қамту – 10,0%, аяқталған вакцинация 7,8%, бала емізетін аналар сәйкесінше 28,5% және 24,7%.
Ауданда вакцинаның 3 түрі бар: Қазақстандық – Казвак, Синопарм – Вераселл, Пфайзер – Комирнати. Сонымен қатар, Pfizer Комирнати вакцинасымен егу және ревакцинация барлығына бірдей жүргізілетінін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта эпидемиологиялық процестің белсенділігінің төмендеуі, аурушаңдықтың болмауы егу мен ревакцинация үшін өте қолайлы кезең, тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарға хабарласуды ұсынамыз.
Екпеге келетін болсақ, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар адамдарға жергілікті учаскелік дәрігерлермен кеңесіп, вакцинация мәселесін шешуді ұсынамын, өйткені ауырған жағдайда қатар жүретін аурулар оның ағымын нашарлатады, сонымен қатар, сауыққаннан кейіегі оңалту кезеңіндегі қиындықтарды есте сақтау керек.
Сондықтан вакцинация науқаны жүріп жатқанда, екпе алу мүмкіндігін пайдаланыңыз. Сондай-ақ, барлық профилактикалық шараларды сақтауды ұсынамыз, соңғы 2 жылда үйренген дағдыларыңызды ұмытпаңыз.
Дата публикации
08 апреля 2022
Дата обновления
08 апреля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы