Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде

2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады деп күтілуде

28 наурызда ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Нұр-сұлтан қаласында дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй салаларын дамыту перспективалары қаралды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала болжамдары бойынша, 2022-2025 жылдар кезеңінде Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салу күтілуде. Бұдан басқа, 5201 мемлекеттік нысанның құрылысы жүргізілуде, оның 2137-сі мемлекеттік қаражат есебінен салынуда.

Қазіргі уақытта 286 нысанның құрылысы тоқтатылды. 84 нысан бойынша жұмыстарды тоқтату себебі қымбаттауы болды, 202 Басқа себептер бойынша тоқтатылды (ауа райы жағдайлары, маусымдық шектеулер және т.б.). ҚР ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев түсіндіргендей, әрбір нысан бойынша жағдай талданды, жұмыстарды қайта бастау мүмкіндіктері қарастырылуда.

ҚР Премьер-Министрі объектілер құрылысына мемлекеттік конкурстардың жосықсыз ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

"Бюджеттік қаржыландырусыз құрылысқа конкурстар жарияланады. Бұл озбырлық. Кінәлі тұлғалардың тиісті жауапкершілігін қарастыру қажет", - деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ, мемлекеттік құрылысқа жұмсалатын шығындарды азайту мақсатында Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, жобалау-сметалық құжаттама құнының баға белгіленуіне талдау жүргізуді тапсырды.

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы