Дезинфекциялық дәрілерден уланып қалмаңыз!
Шымкент қаласында 2022 жылдың ағымдағы мерзімінде дезинсекциялық жұмыстар жүргізу нәтижесінде тұрғындар арасында 2 улану жағдайы тіркелді.
Дезинфекциялық құралдардан улану жағдайлары жылдан жылға қайталануда. Осыған орай, барлық дезинфекциялық, дезинсекциялық құралдардың, антисептиктердің құрамындағы белсенді заттар микроорганизмдерді жойып қана қоймай, дұрыс пайдаланбаған жағдайда, адам денсаулығына теріс әсер ететінін есте ұстаған жөн.
Қазіргі таңда, кәсіби дезинфекциялық құралдар тек дайындалған және оқытылған қызметкерлері бар медициналық мекемелерде ғана емес, сонымен қатар барлық сауда, қызмет көрсету, өндіріс, тамақтану орындарында, көлік және басқа да кәсіпорындарда, сондай-ақ күнделікті өмірде кәсіби дезинфекциялық құралдары жиі қолданылады. Дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу алдында осы жұмыстың маңыздылығын нақты түсіну керек.
Дезинфекциялық жұмыстарды кәмелетке толған, денсаулығы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ, кәсіби даярлықтан өткен, алғашқы көмек көрсету бойынша нұсқамадан өткен адамдар жүргізеді.
Нысандарда, үй жағдайларында дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объектінің әкімшілігі өкілінің немесе тапсырыс берушінің қатысуымен жүргізіледі.
Дезинфекция жұмыстарын жүргізу барысында келесі сақтық шараларын сақтау қажет:
- жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы жұмыс істейтін мамандардың дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан өткендігін растайтын куәлігі болуы тиіс;
- жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген залалсыздандыру заттары пайдаланылады, дезинфекциялық өңдеу жасайтын заттардың жарамдылық мерзімінің сақталуы және мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі болу керек;
- залалсыздандыру заттары қауіптілігіне қарай әртүрлі сыныптарға бөлінеді, сол себепті залалсыздандыру заттарын сатып аларда мамандармен кеңесу маңызды;
- үй-жайларда дезинфекциялау жұмыстары өңдеуге қатысы жоқ адамдар, жануарлар, құстар болмаған кезде жүргізіледі;
- өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарға іс-шаралардың жүргізілетіні туралы және қажетті сақтық шаралары туралы алдын ала хабарлау қажет;
- дезинсекциялау жұмыстары жеке қорғаныш құралдарын (халат немесе мақта-матадан жасалған қорғаныш комбинезон, орамал, клеенкалы / резеңкеленген алжапқыш және жеңқаптар, резеңке қолғап, қорғаныш көзілдірік, әмбебап респиратор) қолданып жүргізіледі;
- үй-жайларды өңдеу кезінде темекі шегуге, тамақ, су ішуге тыйым салынады.
Өңдеуден кейін міндетті түрде бөлмені кем дегенде 2 сағат желдету
керек.
Өңделген үй-жайларды жуып-жинағанға дейін пайдалануға болмайды.
Тазалау жұмыстары сода ерітіндісін қолданып, қолғаппен жүргізілуі қажет.
Үй-жайда түрлі жәндіктер мен кеміргіштер пайда болса, өздігіңізден залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады!
Зиянкестерден құтылу мақсатында залалсыздандыру жұмыстарын арнайы дайындалған маман жүргізбеген жағдайда, адам өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруы мүмкін.
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жұмыстарын жүргізер алдында көршілерді хабарландыру қажет!