24 мыңнан астам қызмет алушы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жүгінді
2021 жылдың 12 айында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мен оның аумақтық бөлімдері бес қызмет түрі бойынша 24 573 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Басым көпшілігі эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы қорытынды алу бойынша жүгінген. Бұл бағыттағы келіп түскен өтініштер саны-14 534-ті құрады.
Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен төгінділері, санитариялық қорғаныс аймақтары жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін 7 296 қызмет алушыдан өтініштер келіп түскен.
Бұдан бөлек, 2 181 тұлға өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Патогендігі I-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге 412 рұқсаттама берілді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беруге 150 адам жүгінді.
Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен реттеледі.