Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Оқушылар арасында ЖІИ, ПТИ жағдайларының қалай алдын алуға болады?

Оқушылар арасында ЖІИ, ПТИ жағдайларының қалай алдын алуға болады?
Балалар мен жасөспірімдердің санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының (ЖІИ) алдын алу – оқушыларды тамақтандыру саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салады.
Білім беру ұйымдарында тамақтан улану мен ЖІИ-нің негізгі себептері ас блогы қызметкерлерінің қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, атап айтқанда: жеке гигиена қағидаларын, тамақ дайындау технологиясын, тамақ өнімдерін сақтау ережелерін бұзу болып табылады.
Оқушылар арасында тамақтан улану мен ЖІИ алдын алу мақсатында:
- азық-түлік өнімдері мен азық-түлік шикізатын олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарына көз жеткізген соң тұтынуға;
- шикі өнімдер мен балаларға термиялық өңдеусіз тамақ әзірлеу үшін қолданылатын азық-түлікті сақтаудың бөлек шарттарын орындау. Тез бұзылатын өнімдерді (ет, балық, сүт, қышқыл сүт өнімдері және т. б.) дұрыс сақтау және уақтылы пайдалануға ерекше назар аударуға;
- тағам дайындау технологиясын сақтауға;
- стерильді ыдыстарға дайын тамақ өнімдері мен аспаздық тағамдардың тәуліктік сынамаларын алуды, оларды дайын тамақ өнімдеріне арналған тоңазытқыш жабдықтарында 48 сағат бойы +2 °C – +6 °C температурада сақтауды қамтамасыз етуге;
- ас үй жабдықтары мен асхана ыдыстарын өңдеу режимдеріне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру кезінде "флотша" макарондарын, зельцтерді, форшмактарды, желкелерді, паштеттерді, фаршталған құймақтарды, күрделі (төрт компоненттен астам) салаттарды, майонез және қаймақ қосылған салаттарды, окрошкаларды, кремі бар кондитерлік өнімдерді, жұмсақ қайнатылған жұмыртқаны, глазунья-жұмыртқасы, өнеркәсіптік емес (үйде) дайындалған өнімдер және т.б. - эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз емес, белгілі бір жағдайларда балалардың тағамдық токсикоинфекциясын, ЖІИ тудыруы мүмкін болғандықтан тағамдық азықтарды дайындауға жол берілмейтінін естеріңізге саламыз.
Қоғамдық тамақтандыру объектісінің қызметкерлері белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан өтуге, жеке гигиена ережелерін сақтауға міндетті. Ішек дисфункциясы белгілері бар, сондай-ақ қолындағы жаралары бар қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді.
Облыс аумағында ағымдағы оқу жылында мектеп оқушылары арасында тамақтанумен байланысты тағамдық токсикоинфекция және ЖІИ оқиғалары тіркелмегеніне қарамастан, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ескертеді: құрметті қызмет көрсетушілер, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды мүлтіксіз сақтау қажеттілігін, тамақтану балаларға зиян емес, пайда әкелуі тиіс екенін ескертеді. Балалардың денсаулығы - сіздердің қолдарыңызда!
Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы