Көлік объектілерінде жолаушылар мен персоналдың
радиациялық қауіпсіздігі
Жолаушылардың қол жүгі мен багажын тексеру мақсатында республиканың халықаралық әуежайларында, теміржол вокзалдарында иондаушы сәулеленуді генерациялайтын жабық электрофизикалық қондырғылар (рентгенотелевизиялық жүйелер) орнатылған.
Рентген-телевизиялық қондырғыларды пайдаланатын субъектілер жолаушылар мен персоналдың радиациялық қауіпсіздігін радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын ескере отырып, әзірленген және бекітілген радиациялық бақылау бағдарламасына сәйкес қамтамасыз етеді.
Бұл кәсіпорындар рентген-телевизиялық жүйелерді пайдалану бойынша қауіпсіз жағдайлар жасайды, радиациялық бақылау жүргізіледі, иондаушы сәулелену көздерімен (бұдан әрі – ИСК) жұмыс істеу кезінде персоналдың радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру жүргізіледі, ИСК-ні есепке алу және бақылау жүргізіледі.
Объектілердегі радиациялық бақылау жеке дозиметриялық бақылау және радиациялық жағдайды бақылау жолымен жүзеге асырылады.
Персоналды иск-ге жұмысқа жіберу жұмыс орындарында радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқамадан кейін ғана жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, объектілерде иск-мен жұмыстарды орындайтын лауазымды тұлғалар мен персоналды даярлау және аттестаттау жүргізіледі.
Теміржол және әуе көлігі объектілеріндегі радиациялық апаттар тіркелмеген.
Иондаушы сәулелену көздерін қолданатын барлық көлік объектілерінде апаттық жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жоспарлар, радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға туралы ережелер мен иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар келісілді.
Жеке сәулелену дозаларын тұрақты бақылау және есепке алу үшін көлік объектілеріндегі персонал жеке дозиметрлермен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, объектілерде иск-мен жұмыстарды орындайтын лауазымды тұлғалар мен персоналды даярлау және аттестаттау жүргізіледі.