
Тәртіптік жаза қолдану және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді.
Жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін негіз болады. Сондай - ақ, мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаттары-адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарланушылық айқындалды.
Кодекстің жаңа редакциясында "клиентке бағдарланған" мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде ашықтық қағидаттарын сақтау бойынша басым талаптар көзделген.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестер туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Тәртіптік жаза қолдану қағидаларында қызметтік тергеу жүргізу, тәртікомиссия материалдарын қарау тәртібі және дискомиссияның ұсынымы бойынша уәкілетті адамның шешім қабылдау мерзімдері нақтыланды.