
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазандағы №390/НҚ бұйрығымен (2020 жылы 21 қазанда № 21463 Әділет министерлігінде тіркелген) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің есебі бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызметі оны толықтай автоматтандыруға және порталдың жеке кабинеті арқылы ұсынуға байланысты МҚТ алынып тасталған.
Бұл процесстің автоматтандырылуы Мемлекеттік корпорацияны және қызмет берушінің кеңсесін айналып өтіп, ЖСН бойынша онлайн режимде азаматтардың әкімшілік анықтамасын алуға мүмкіндік берді. Анықтама алу уақыты 3 жұмыс күнінен 15 минутқа дейін қысқарды.
Сонымен қатар, «Анықтаманы үшінші тұлғамен алу сервисі» және eGov mobile арқылы әкімшілік анықтаманы үшінші тұлғамен алу мүмкіндігі жүзеге асырылған.
Бұдан басқа, көрсетілген ақпараттарды еркін қолжетімділікте «Өзіңнің айыппұлыңды біл» атты қосымшадағы Комитеттің http://qamqor.gov.kz сайтынан алуға болады, өзіңнің ЖСН және жеке бас куәлігінің нөмірін енгізе отырып.
Бүгінгі күнде, бізің үш мемлекеттік қызыметімізді оңайлатып және жеделдетіп порталдан алуға болатын мүмкіндік жүзеге асырылған. Сонымен, «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады. Жүргізілген бұл жұмыс азаматтардың сұрауларының көп бөлігін үйден шықпай, 10 минуттың ішінде алуға мүмкіндік берді.
Қызметті оңтайландыру аясында азаматтарға оны ұялы байланыстың абоненттік қондырғылары арқылы, яғни порталдың ұялы түрі арқылы алу мүмкіндігі ұсынылған.
Азаматтар үшін тағы да бір ыңғайлылық шет елге шығу үшін анықтамаға сұрауды электронды түрде беру мүмкіндігі, қағаз жүзінде алуға өтініш білдірген Мемлекеттік корпорацияның филилдарының мекенжайын таңдай отырып. Бұрын сұрау тек қағаз жүзінде міндетті түрде Мемлекеттік корпорацияға барып жолданатын.
Порталда «Анықтаманы үшінші тұлғамен алу сервисі» көмегімен сұрау салған бастамашы өз бетінше егерде бұл тұлғаның келісімі болған жағдайда, басқа тұлғаға қатысты электрондық сұрау жолдай алады. Электрондық анықтама алуға Мемлекеттік корпорацияның фронт-кеңсесіне азаматтарды жіберудің қажеті жоқ.
Анықтаманы «EgovKzBot» қосып Telegram мессенджері көмегімен де алуға болады. Анықтама алуға керектің барлығы - азаматтардың мобильді базасына тіркелу. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы апостильмен беру бізге оны азаматтарға композитті беруге мүмкіндік берді, яғни «бір өтініш» қағидаты бойынша. Бұл үшін композитті қызмет алуға өтінішті электронды түрде беру, электрондық үкіметтің төлем шлюзінің көмегімен онлайн режимде баж салығын төлеу, қағаз жүзінде нәтижені алу үшін, порталда Мемлекеттік корпорацияның филилдарының мекенжайын таңдау мүмкіндігі жүзеге асырылған.
Комитеттің қызметтерін 100% электрондық нысанға көшіру мақсатында, ҚР Әділет министрлігінің «Е-Апостиль» сервисін жүзеге асыру аясында апостиль қою бойынша қызметті толықтай автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық басқармаларының архивтері шегінде архивтік анықтамалар және/болмаса архивтік құжаттардың көшірмесін беру» мемлекеттік қызметі жеке және (немесе) заңды тұлғаларға электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде көрсетіледі.
Архивтік анықтама алу үшін қызмет алушы портал және Мемлекеттік корпорация баламасы арқылы туыстығын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса сала отырып, өтініш береді, қажет болған жағдайда оны апостильмен бірге композитті түрде ала алады.
Цифрлық құжаттарды және сервистерді белсенді пайдалануды қамтамасыз ету, азаматтардан құжаттарды талап етуді қысқарту мақсатында, Комитет және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы электронды түрде алу, сонымен бірге мәліметтерді тек шығу құжатын басып шығару мүмкіндігінсіз, ақпаратты қарау режимінде көрсету, бірақ «бөлісу» мүмкіндігінің болуы пысықталуда.