
ҚР "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес лицензия-жеке немесе заңды тұлғаға қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;
- өнеркәсіп;
- атом энергиясын пайдалану
- улы заттардың айналымы;
- көлік;
- есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы;
- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар;
- қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы;
- ғарыш кеңістігін пайдалану;
- ақпараттандыру және байланыс;
-білім;
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- ауыл шаруашылығы;
-денсаулық сақтау;
- жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
- ойын бизнесі;
- ветеринария,;
- сот-сараптамалық;
- мәдениет;
- қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дайындау;
- этил спирті мен алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі және айналымы;
- тауарлардың экспорты мен импорты;
- тауар биржалары;
- Мұнай және газ салаларындағы қызметтің немесе әрекеттің (операцияның) жекелеген түрлері.