Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласында ЖРВИ-мен ауыру азайды: грипптан қорғанудың қарапайым және тиімді тәсілдері

Алматы қаласында ЖРВИ-мен ауыру азайды: грипптан қорғанудың қарапайым және тиімді тәсілдері
Алматы қаласында ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық төмендеуі байқалады, ағымдағы жылдың 8-ші аптасында ЖРВИ-дің 3874 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 7,4% - ға төмен және өткен аптаның көрсеткішінен 22,63% - ға төмен. Ауру 55,03% балалар саның қамтиды (2132 жағдай). Барлығы 207 науқас ауруханаға жатқызылды, оның ішінде жүкті - 3, 1 жасқа дейінгі балалар - 71, пневмониямен - 27, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 3, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 1.
Жаңа эпидемиологиялық маусымның басынан бастап, яки 1 қазаннан ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін уақыт аралығында ЖРВИ - дің 159 930 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 49,5% - ға жоғары. Аурудың 58,0% - ы балалар саның қамтиды (92 818 жағдай). Барлығы 7942 науқас ауруханаға жатқызылды, оның ішінде жүкті - 304, 1 жасқа дейінгі балалар - 2276, пневмония – 2 815 жағдай (өткен жылмен салыстырғанда 5,5 есе артық), оның ішінде жүкті әйелдер - 68 және 14 жасқа дейінгі балалар - 320, оның ішінде 1 жасқа дейін - 112.
2020-2021 жылғы өткен эпидемиологиялық маусымда 40-шы аптадан 8-ші аптаға дейін ЖРВИ-дің 792 жағдайы тіркелді. Ауру 62,9% балалар саның қамтиды (49890 жағдай). Ауруханаға барлығы 4 806 адам жатқызылды, оның ішінде жүкті - 36, 1 жасқа дейінгі балалар – 2 501, пневмониямен 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 156, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар - 45.
Алматы қаласының СЭЭО вирусологиялық зертханасы тұмаумен, ЖРВИ-мен ауырғандар арасында вирустардың айналымына зертханалық бақылау жүргізді. Тұмаумен сырқаттанушылықтың 51 жағдайы тіркелді.
- 51 оң H3N2 тұмауы анықталды, оның ішінде 308 зерттеу, оның ішінде ГПЗ - 142, ТОРИ - 166;
- Зертханалық түрде науқастардан басқа тұмау емес инфекцияларға 43 материал зерттелді, оның ішінде 12 сынамада ПТР әдісімен анықталды: риновирус - 7, РС - 4, коронавирус - 1.
Тұмаудың алдын алу мақсатында Алматы қаласында «қауіпті топтағы» адамдарды тұмауға қарсы вакцинациялау аяқталды.
ЖРВИ - бұл грипп емес! Көп жағдайда тұмауды гриппен шатастырып жатады. Алайда, ЖРВИ жеңіл түрде өтіп, әрі оңай емделетініне назар аудару керек. Сондықтан ЖРВИ-дің бастапқы кезеңінде емдеуді қабылдаған дұрыс, тұмауды асқындырып, гриппке шалдыққаннан гөрі. Өйткені, грипп вирусынан туындаған ауру ауыр болады және өкпенің қабынуына әкелуі мүмкін.
Грипптің белгілері:
- Ыстықтың көтерілуі;
- Қалтырау;
- Бас ауруы;
- Бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну;
- Мұрын бітелу немесе мұрыннан су ағу;
- Жөтел, ауырсыну немесе тамақтың ауыруы.
Алдын алу шаралары. Аурудың өсуі кезеңінде әрбір азаматы ЖРВИ-ге, гриппке қарсы спецификалық емес алдын алудың жалпы шараларын ұмытпауы қажет:
- ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен жанасудан аулақ болыңыз, байланысқа түскен жағдайда, онда оксолинді жақпа жағып, бетперде кию керек;
- Адамдар көп жиналатын жерлерге барынша сирек шығу;
- Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде қолданыңыз;
- Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу;
- С дәрумені бар тағамдарды (лимон, мүкжидек, қызылжидек және т. б.) және сарымсақ пен пияз қосылған тағамдарды мүмкіндігінше көп жеу;
- Бөлмеде үнемі дымқыл тазалау жасаңыз;
- Салауатты өмір салтын ұстану: спортпен шұғылдану, жеткілікті ұйықтау, дұрыс тамақтану.
Маңызды! Грипптің белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз және дәрі-дәрмектерді өз бетінше қабылдамаңыз. Сіздің әл-ауқатыңызға уақтылы көңіл бөлу, сізге нақты диагноз қоятын және одан әрі емдеуді тағайындайтын дәрігерді шақыру сіздің денсаулығыңыздың қауіпсіздігіне кепілдік береді!
Дата публикации
03 марта 2022
Дата обновления
03 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы