Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен жыл сайын 24 наурызда атап өтіледі. Бұл күн 1982 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) және туберкулез бен өкпе ауруларына қарсы халықаралық одақтың шешімі бойынша құрылды, ол туберкулез қоздырғышы - Кох таяқшасының ашылуының 100 жылдығына орайластырылды. 1882 жылы 24 наурызда неміс микробиологы Роберт Кох жаңалық ашқан еді.
Туберкулез-өкпеге, теріге, сүйекке және басқа мүшелерге әсер ететін жұқпалы ауру. Қоздырғыштың негізгі көзі туберкулездің өкпе түрімен ауыратын және тыныс алу жолдарынан микобактерияларды бөлетін адам. Туберкулез ауа тамшыларымен және ауа шаңымен беріледі. Өкпе туберкулезінің негізгі белгілері ұзақ уақыт бойы төмен (38-ге дейін) температура, жөтел (құрғақ немесе оңай бөлінетін қақырықпен), қанмен қақыру, демікпе.Ауру иммундық тапшылықтың әртүрлі түрлерімен және басқа жұқпалы аурулармен организмнің әлсіреуінен туындайды.
Павлодар облысы бойынша 2021 жылы туберкулезбен сырқаттану деңгейі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1% - ға өсті. Өткен жылы өңірде жаңадан анықталған 306 туберкулез жағдайы тіркелді (2020 ж. – 291жағдай).
Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің талдау деректеріне дейін туберкулезбен 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдар ең көп ауырады, оларға 84% тиесілі.
Балалардағы туберкулездің алдын-алудың негізгі әдісі - БЦЖ вакцинациясы, оны бала өмірінің алғашқы 3-7 күнінде қарсы көрсетілімдер болмаған кезде перзентханада салад, ревакцинация 6-7 жаста, бірінші сыныпта салынады. Вакцинацияның тиімділігі 95% құрайды!
Ересек жастағы туберкулездің алдын алу жыл сайын диспансерлік бақылау және ауруларды ерте сатысында анықтау (флюорография) болып табылады. Салауатты өмір салтын ұстану, жаман әдеттерден бас тарту, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, таза ауада болу, кез-келген ауруды уақтылы емдеу, стресстен арылу, жеке гигиена ережелерін сақтау - туберкулездің алдын алуда үлкен маңызға ие.
Туберкулездің санитариялық профилактикасы да бар, ол дені сау адамдардың туберкулез микобактериясын жұқтыруының алдын алуды, туберкулезбен ауыратын науқаспен оның айналасындағы сау адамдардың тұрмыста және жұмыста белсенді түрде (әсіресе бактерия бөлушімен) байланысын шектеуді және қауіпсіз етуді көздейді.
Туберкулездің алдын алу маңызды әлеуметтік шара болып табылады, өйткені туберкулез ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін жұқпалы ауру. Туберкулезді өз уақытында емдеу инфекцияның таралуының алдын алу үшін күресте маңызды компонент.
Туберкулезден ешкім сақтандырылмағанын есте ұстаған жөн. Сондықтан жыл сайын флюорографиядан өтіп, балаларды вакцинациялау қажет! Туберкулезді алғашқы кезеңдерде емдеу әлдеқайда оңай!