Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметі туралы 2021 жылға

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметі туралы 2021 жылға

Есеп

  1. Жалпы ережелер

  Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу, мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2020 жылы келесі қызметтерді көрсетеді: Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру, кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру, құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы көшірме беру, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.

2021 жылы 539 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулерді тең жетімділікте қамтамасыз ету мақсатында Есіл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есеп, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары орналастырылған. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін интернет-ресурстың бас бетінде «электрондық үкімет» веб-порталының баннері орналастырылған.

Тиісті бөлімінде ақпаратты өзектілендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.

«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендтерде орналасқан.

Бөлім қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін орындықтармен жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қызмет алушыларға арналған фронт-офис бар, онда қажет болған жағдайда маманмен консультативтік көмек көрсетіледі.

2021 жылы "Есіл - Инфо" аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3 мақала жарияланды, Facebook-те 132 мақала жарияланды, 2 тікелей эфир өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша

процестерді жетілдіру қызметі

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету, қолжетімділігі, мемлекеттік қызмет стандарттары, белгіленген мерзімде қарауды көрсетілетін қызметті алушылардың арыздары, мамандардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын бұзушылықты болдырмау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін көрсетілетін қызметті алушылар бойынша шаралар қабылдау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мемлекеттік қызметтерді көрсету.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2021 жылға дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімін бұзушылықтар фактілері жоқ.

Мемлекеттік органдарға өтініш берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша жүгінген кезде бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандармен мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаудан - қалыптастыру тәртібі, құжаттардың толық топтамасы түсіндіріледі.

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және қызмет алушылардың көрсетілетін қызметтер сапасымен қанағаттануын арттыру

         Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.

Жалпы, 2022 жылғы жұмыс, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.

Дата публикации
28 февраля 2022
Дата обновления
28 февраля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы